Еңбек адамына құрмет – елге құрмет

Аймақтар
14.04.2025, 09:00
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол – тіршіліктің күретамыры десек, сол «тамырдың» үзілмей, өз функциясын  мінсіз атқаруы осы салада тынымсыз еңбек етіп жүрген теміржолшылардың еңбегіне байланысты. Ал ақ-адал еңбекке құрмет көрсетіп, марапат жасау – ізгі қадамдардың бірі.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде өткен салтанатты жиын  теміржол саласына ұзақ жылдар бойы адал да абыройлы қызмет еткен еңбек адамдарының мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге арналды.  Бөлімше директоры Ербол Саулебеков өздерінің үздік қызметімен, қажырлы еңбегімен отандық теміржолдың табысына сүбелі үлес қосып келе жатқан аймақ теміржолшылары қандай құрметке де лайық екенін жеткізді.  

– Сіздердің көзге көріне бермейтін тынымсыз тірліктеріңіз, әрдайым елене бермейтін адал еңбектеріңіз арқылы бүгінгі таңда теміржол саласы үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Жаңа жобалар мен инфрақұрылымдық жаңғыртулар жүзеге асырылып, кадрлық әлеуетті нығайту мен әлеуметтік қолдау бағытында орасан зор жұмыстар жүріп жатыр. Жобалары мен еңбек адамын марапаттау шаралары да ерекше қарқын алып отыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың бастамасымен теміржолшылар еңбегін бағалаудың жаңа жүйесі енгізіліп, марапаттар саны артып отыр. Біз сіздермен мақтанамыз. Марапат – ықылас пен құрметтің белгісі, – деген бөлімше басшысы бір топ сала майталмандарын «Теміржол саласына сіңірген еңбегі үшін», «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Қазақстан темір жолына 120 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.    

Жиында құрметке бөленген жандардың бірі – Шиелі өрт сөндіру пойызының бастығы Садық Арнауыт. Ол бұл салада 25 жылдан астам табанды еңбек етіп, үлкен беделге ие болған. Міне, бүгін бейнеттің зейнетін көруге бет бұрған ардагердің иығына шапан жабылып, ерекше құрмет көрсетілді. Ардагер өз сөзінде «теміржолшы болу – жүрекпен сүйетін кәсіп иесі атанып, ел экономикасына қызмет ету» деді.  

 

Жиында сонымен қатар түрлі марапатқа ие болып, мерейі өскендер қатарында бөлімше бастығының орынбасары Нұрлан Бимұратов, инженерлер Арман Жиенбаев пен Бақытжан Абрахманов, ШЧЗ Жанболат Досжанов, ЭЧ Алпамыс Сагимов, Бекзат Фаизов, Бейбіт Ділдабаев, Айгерім Дәулетбаева, Асылхан Төлепбергенов сынды  аймақ теміржолының айтулы тұлғаларына айналған майталмандар болды.  

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты