Құрылыс жұмыстары басталды

Аймақтар
22.04.2025, 08:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 15 сәуірден бастап Ақтөбе өңірінде жеті вокзалды жаңарту жұмыстары басталды. Құрылыс басқармасы қайта жаңартылатын вокзалдар жобасымен таныстырды.

Солардың қатарында жарты ғасыр бұрын салынған Ақтөбе вокзалы да бар. Мердігер мекемелер бекітіліп, құрылыс басқармасы жұмысқа кірісті.  

«Жұмыс бүгіннен басталады. Отыз шақты техникамызды әкелдік. Халыққа кедергі жасалмайды. Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары да ескеріледі. Барлық жұмыстар пысықталды», – деді мердігер компания өкілі Ануар Талдықбаев.  

Ақтөбе теміржол вокзалы 1976 жылы пайдалануға берілген. Соңғы рет 2013 жылы күрделі жөндеуден өтті. Мұнда күніне 20-ға жуық пойызды қабылдап, 5 мың жолаушыға қызмет көрсетеді.  

«Вокзалдағы күрделі жөндеу жұмыстары вокзал жұмысына кедергі келтірмейді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесін желтоқсан айында көреміз. Инженерлік желі де толық жаңартудан өтеді», – деді Ақтөбе теміржол вокзалының басшысы Арсен Кенжин.  

Ақтөбе вокзалының аумағы 7 мың шаршы метр. Жаңа жобаны таныстыру кезінде жыл соңына дейін теміржол вокзалының қасбеті жаңартылып, қызмет көрсету орындары заманауи кейіпке ендіріледі. Жұмыстар жыл соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Соның ішінде байланыс желісі жаңартылады. Пандустар, күту залы, өрт қауіпсіздігі, ана мен бала бөлмесі, бақылау камералары жаңаша сипат алады.  

Ал вокзал алдын ретке келтіру, жол жөндеу жұмыстарын қалыпқа келтіру, жарықтандыру, демалыс алаңын ұйымдастыру жұмыстары жергілікті әкімдік тарапынан атқарылатыны айтылды. Сонымен қатар Алға, Қандыағаш, Ембі, Қарауылкелді, Шұбарқұдық және бір ғасырлық тарихы бар Шалқар вокзалы күрделі жөндеуден өтеді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды