Қызылорда облысындағы Қамыстыбас станциясы аралығында 2-ші санаттағы жаңа күзетілетін өткелдің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тәулігіне өткел арқылы 46 пойыз, 4 600 автомобиль өтеді. Қауіпсіздік үшін заманауи шлагбаум және автоматты бағдаршам сигналы орнатылған. Тәулік бойы бақылауды 4 кезекші қызметкер қамтамасыз етеді.

Құрылыс мамыр айында басталып, 2025 жылдың тамызында аяқталды. Жаңа нысан пойыздар мен автокөліктер қауіпсіздігін арттырады, сондай-ақ өңір тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасайды.