Қызылорда теміржолшылары – мемлекеттік тілдің үздік жанашыры

Аймақтар
10.09.2025, 11:09
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қыркүйек айы руханият пен рухтың жаңғыратын айы. 5 қыркүйек бар қазақ болып ардақ тұтатын Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні ғана емес, сан ұлттың бауырластығын бейнелейтін Қазақстан халқы тілдері күні. Бұл тілге деген құрметтің, ұлттық сана мен бірліктің айқын көрінісі.

Осы айтулы мереке қарсаңында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен “Тіл - татулық тірегі” атты салтанатты іс-шара ел ішінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге сүбелі үлес қосып жүрген мекемелер мен тұлғаларды ұлықтауға арналды. Шара аясында түрлі салалар бойынша үздіктер анықталып, еңбегі еленгендер марапат төрінен көрінді.

Солардың ішінен «Қазақстан темір жолы” ҰК» АҚ “Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі” филиалы «Үздік қазақ тілді тасымалдау ұйымы» номинациясын жеңіп алып, мерекенің басты марапаттарының біріне лайық деп танылды. Бұл жай ғана марапат емес, бұл ата-баба тіліне құрмет, рухқа тағзым, теміржол саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың мемлекеттік тілге деген шынайы жанашырлығының, ұлт руханиятына қосқан үлесінің нәтижесі.

Іс-қағаздары мен ресми құжаттардан бастап, ішкі және сыртқы көрнекі ақпараттардың түгелдей қазақ тілінде, сауатты әрі мазмұнды жүргізілуі Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің ұжымдық мәдениетінің, тілді қастерлейтін ұстанымының айқын дәлелі. Комиссия мүшелері мекеме ішіндегі әрбір детальға – қабырғадағы ақпараттан бастап, қызметтік папкалар мен бұйрықтарға дейін мән беріп, бір ауыздан үздік деп таныды.

-Мекеменің кіре берісіндегі ресми атауынан бастап ішкі кабырғалардың қазақша безендірілуі, қызметкерлер кабинеттеріндегі стенділерділердің қазақша жабдықтауы, іс қағаздарының жазылуы, жұмыс құжаттары салынатын папкалардың, бұйрық-пәрмендердің қазақ тілінде сауатты толтырылуы, құжат айналымы секілді жұмыстардың қазақ тілінде жазылуын сарапқа салған комиссия мүшелері бір ауыздан жүлдені Ербол Сәулебеков басқаратын Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің ұжымына берді. Мемлекеттік тіл – біздің басты байлығымыз, елдігіміздің белгісі. Ұжымымыздың бұл марапатқа ие болуы көп жылғы еңбектің, ортақ ұстанымның, тілге деген құрметтің жемісі. Қай құжат болмасын, қай бұйрық болсын барлығы қазақ тілінде сауатты жүргізіледі. Бұл бір ғана талап емес, бұл біздің жүрекпен қабылдаған таңдаумыз, - дейді мекеменің қазақ тілі бойынша жауапты маманы Мөлдір Ақышева.

Шара барысында бөлімше директоры Ербол Сәулебеков бастаған теміржолшылар делегациясы сахна төрінен марапатты облыс әкімінің орынбасары Шермағанбеттің қолынан алды. Бұл көрініс тек бір ұйымның жеңісі ғана емес, өңірдегі мемлекеттік тіл саясатының сәтті жүзеге асып жатқанын көрсететін маңызды сәттердің бірі болды.

Қазақ тілі ата-бабамыздан қалған аманат, ұлттың рухы мен тұтастығын сақтаушы. Бұл мереке тек тіл мерекесі емес, ұлттық сана мен болмысты ұлықтайтын, көпұлтты еліміздің рухани байлығын насихаттайтын тағылымды күн.

Осындай мағынасы терең, рухани мазмұны бай мерекеде Қызылордалық теміржолшылардың үздіктер қатарынан табылуы ел ертеңіне сеніммен қарауға үлкен себеп. Тіл үшін тер төгіп, руханият үшін еңбек еткен азаматтардың еңбегі ескерусіз қалмайтынын дәлелдейтін бұл марапат ұжымның мәртебесін асқақтатып қана қоймай, өзге мекемелерге де үлгі болары анық.

 

Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады