Шиелі вокзалы тарихи келбетін сақтай отырып жаңғыртылуда

Аймақтар
26.09.2025, 10:38
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Республика бойынша қайта жаңартылып жатқан жүзден астам вокзалдың қатарында Шиелі вокзалы да бар. Орынбор-Ташкент теміржолының құрылысы басталған 1904 жылы салынып, ғасырдан астам тарихтың куәсі болған бұл ғимарат қазақ даласында салынған алғашқы теміржол нысандарының бірі.

Соңғы рет 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен ғимарат бүгінгі күні тәулігіне 13 жұп пойызды қабылдап, орта есеппен 250-300 жолаушыға қызмет көрсетіп келеді. Бұл көрсеткіш аудан үшін айтарлықтай маңызды, себебі жолаушылардың басым бөлігі өңірден облыс орталығына және көршілес аймақтарға сапар шегеді.  

Жуырда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған бір топ Парламент депутаттары Шиелі вокзалындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Бұл жолғы жөндеудің ерекшелігі – ғимараттың тарихи сәулеттік келбеті толықтай сақталып, заманауи талаптарға сай жаңартылуы дер едік.  

«Дәнекер» ЖШС мердігер компаниясы ғимараттың ішкі және қасбеттік қаптау жұмыстарын жүргізуде. Бұған дейін аудан әкімдігі вокзал аумағында қосымша жұмыстар атқарып, жолаушылар платформасына қақпа орнатқан, ескі су мұнарасын қалпына келтірген, сондай-ақ жарық шамдар мен орындықтар қойылған. Бұл өз кезегінде сапарға шыққан жолаушылардың жайлылығын арттыра түсті.  

Жалпы, республика көлемінде 100 вокзалға күрделі жөндеу жүргізу жобасы аясында Қызылорда өңірінде 10 вокзалдар жаңғыртылуда. Бұл бір мезгілде әлеуметтік, экономикалық және мәдени маңызы бар жоба болып отыр.  

– Бұған дейін Қызылорда вокзалы жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілген болатын. Бүгінде жүргізіліп жатқан вокзалдардың құрылыс жұмыстары да жоспарға сәйкес биыл аяқталып, пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда жөндеуден өткізіліп жатқан Сексеуіл, Арал теңізі, Қазалы, Жосалы, Төретам, Шиелі, Жаңақорған вокзалдарының Тереңөзек, Жалағаш Талап станцияларындағы жолаушыларға қызмет көрсету пунктеріндегі тарихи бейнесі сақталып, бастапқы архитектуралық құндылықтары жоғалмайды. Дегенмен, Шиелі сынды көне вокзалдардың шырайын кіргізетін жаңарту жүріп жатыр. Аймақ басшысы бастаған топ бүгін Шиелі вокзалындағы құрылыс барысын қарап шығып бірқатар тапсырмалар берді,– деді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұрлан Бимұратов.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті