Құрылғылар сенімділігі күмән туғызбайды

Аймақтар
30.09.2025, 09:23
Сурет түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қыс –теміржол шаруашылығы үшін аса жауапты маусым. Әрбір тетіктің, әрбір құрылғының мінсіз жұмыс істеуі талап етіледі. Қызылорда сигнализация мен байланыс дистанциясының басшылығы күзгі байқау аясында Қызылорда станциясынан бастап Анакөлге дейін бүкіл телім бойын сүзіп шығып, жоспарлы тексеру жүргізді.

Теміржолшылардың күнделікті көзге көрінбейтін, бірақ қиындығы өз алдына жауапкершілігі атан түйеге жүк болатын жұмысын көпшілік көре бермейді. Пойыз уақытылы келіп, белгіленген кесте бойынша жөнелтіліп жатса – бұл сол көзге көрінбейтін еңбектің, үлкен дайындықтың, жүздеген өлшеу мен тексерістің нәтижесі. Бір рельстің ақауы, бір реледегі сәйкессіздік бүтін бір қозғалысқа қауіп төндіруі мүмкін. Осындай сәтте жауапты мамандардың уақтылы жасаған тексеруі мен бақылауы талай олқылықтың алдын алады.  

Дистанция бастығы Әбдірахман Сырғабаев бастаған мамандар жоспарлы тексеріс барысында ең алдымен автоматты локомотивтік сигнализация (АЛС) жүйесінің әр параметрі сүзгіден өткізді. Арнайы өлшеу құралдарының көмегімен импульс, интервал, ток күші сияқты көрсеткіштер анықталып, олардың әрқайсысы компьютер экранында синусоидалы толқын болып бейнеленді. Бұл – теміржолшы мамандардың ең сенімді «көз-айнасы». Тексеру кезінде АЛС жүйесінің әр параметрі миллисекундқа дейін өлшеніп, оның тұрақтылығы математикалық дәлдікпен нақтыланды. Бұл ретте мамандардың әрбір қадамы – хирургтың пышағындай шеберлікпен, зергердің қолындай нәзік тұрпатпен әрекетке көшеді.  

Анакөл станциясындағы автоматтандырылған басқару жүйесі -АСУ-Ш бойынша релелердің сәйкестігін тексеру барысында құрылғы талапқа толық жауап беретіні нақтыланды.  

– Тексеріс барысында АРВ-1 автодрезинасы- нағыз жылжы малы зертханаға айналды. Мини-лаборатория мамандарға жол үстінде тұрып-ақ талдау жасап, жүйенің тұрақтылығын дәл анықтауға мүмкіндік берді. Бүгінгі жұмысқа АЛС электромеханигі Ғалия Қожахметова, СОБ саласының білгір мамандары Құндызай Пірназар мен Нұртөре Жақсылықов белсене араласты. Әрқайсысы өз саласында кәсіби шеберліктерін көрсетті, -дейді жөндеу-технологиялық телім бастығы Нұрлан Жәнібеков.  

Дистанцияның тәжірибелі мамандары Қуаныш Жоламанов, Есенгелді Бекбаев пен Өркен Махановтар да өздеріне бекітілген жұмыстарды тиянақтап, қауіпсіздік жүйелерін талапқа сай әрбір құрылғыны қолмен тексеріп, сенімді күйге келтірді.  

Жоспарлы шара пойыздардың үздіксіз әрі уақытылы қозғалуын қамтамасыз етуге, алдағы қысқы науқанға теміржолды сенімді дайындауға бағытталды.  

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті