Экочеллендж жалғасып жатыр

Аймақтар
14.10.2025, 10:02
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Саулебеков бастаған ұжым экочелленджді Ақтөбе өңірінің теміржол- шыларынан (НЖС-11) қабыл алып, облыс бойынша кең көлемді тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Қала іргесіндегі Қызылорда – Белкөл станциялары аралығының тазалығы мен абаттандырылуы жай ғана шаруашылық шара емес, облыс орталығына кіреберістегі экологиялық келбеттің кезекті бір таза қалыпқа енуі еді. Осы учаскеде ПЧ, ШЧ, ЭЧ, ВП және ПП дистанциялары бірігіп, 1890 түп ағаш көшетін отырғызды. Бұл – мыңдаған отбасының болашақ ұрпағына тарту етер тынысы, көлеңкесі, сұлулығы бар жасыл мұра.  

Әріптестерінен экочелленджді қабылдаған Қызылорда жол дистанциясы да 500 түп ағаш отырғызды. Бір тал – бір тыныс. Ал мыңдаған ағаш – келешекке жасалған инвестиция.  

– Темір жол – тек қатынас жолы емес, ол өмір арнасы. Ал осы жол бойын жасыл желекпен көмкеру – табиғатпен үндестікте өмір сүрудің бір көрінісі. Темірдей тәртіппен жұмыс істейтін теміржолшылардың табиғатқа деген жанашырлығы бір жолғы акцияда көрініс таппайды, бұл – дәстүрлі шара, – деді Ербол Саулебеков.  

Әрі қарай Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қызылорда жол дистанциясы ұжымынан эстафетаны қабыл алып, аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына өз үлесін қосты. Нәтижесінде 500 түп ағаш көшеті отырғызылды. Экочеллендж осылай тоқтаусыз жалғасып жатыр.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты