Көмір қоры жеткілікті

Аймақтар
03.11.2025, 14:22
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңірі тұрғындарын, коммуналдық ұйымдарды биылғы жылыту маусымында 139,3 мың тонна көмірмен қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңда оның 56,1 мың тоннасы, яғни жоспардың 40 пайыздан астамы отын базаларына жеткізілген.  

Қызылорда ЖТ бөлімшесі директорының логистика жөніндегі орынбасары Мейрамбек Шолтабаевтың айтуынша, аймақ бойынша көмірмен қамту ісі жоспарлы әрі тұрақты жүргізілуде. Мониторингтік топтар күн сайын өңірдің түрлі станцияларына барып, көмірдің түсірілуі мен тасымал барысын бақылауда ұстауда. Оған тек теміржол қызметкерлері ғана емес, жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің өкілдері де қатысуда.    

– Көмір тұйықтарға таратылып, түсіру кесте бойынша жүруде, кезек те, дүрлікпе де байқалмайды. Қоймаларда бүгінде 14 мың тоннадан астам қор бар, тағы 22 вагонмен 1518 тонна көмір келе жатыр. Биылғы көмір «Шұбаркөл Көмір», «Жалын Көмір», «Горнорудная Комп», «Майкүбен Бест», «ВостокУгольПром» және «Кияхты Көмір» мекемелерінің кен орындарынан жеткізілуде, – дейді ол.

Бүгінге дейін Сексеуіл станциясына – 966 тонна, Арал теңізі станциясына – 2070 тонна, Қазалы станциясына – 65 вагон, Жосалыға – 4692 тонна, Шиеліге – 9384 тонна, Жаңақорғанға 8142 тонна көмір жеткізіліп, түсірілген. Қазіргі таңда аталған көмір базаларында осыншама көмір қоры тұтынушыларға кезексіз таратылуда екен.

– Қызылорда қаласы мен Белкөл станциясы облыстың негізгі тарату торабына айналған. Белкөлге биылдың өзінде 202 вагон (13 948 тонна) көмір жеткізілген, оның 9660 тоннасы қоймада тұр. Бұл – облыс халқының қажеттілігін толық өтеуге жететін қор, – дейді Мейрамбек Шолтабаев.

Қызылорда қаласының жылу электр орталығы газ және мазутпен жұмыс істегенімен, өңірдің басқа бөліктерінде көмірдің маңызы әлі де зор.

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?