Үздіктер анықталды

Аймақтар
25.12.2025, 15:31
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында жыл жұмысын қорытындылаған жиын өтті.

Жыл бойы пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек еткен сала мамандары бүгін өз білімін, білігін, тәжірибесін ортаға салды. Әр бригаданың өз учаскесінде атқарған жөндеу жұмыстары, байланыс және сигнализация құрылғыларына жасалған күнделікті кәсіби күтім деңгейі, ревизорлық тексерулердің қорытындысы, жалпы өндірістік тәртіп пен жауапкершілік, барлығы жан-жақты сарапқа салынды. Осындай қатаң әрі әділ бағалау нәтижесінде жүлделі орындар телімдер арасында тартысты бәсекеде анықталды.  

Нәтижесінде I орын Майлытоғай – 14-разъезд СОБ құрылғыларына қызмет көрсету бригадасына бұйырды. II орынды Бірқазан – Бәйгеқұм телімінің КТСМ бригадасы иеленді. Ал III орынға аға электромеханик Алмасбек Тұрымбетов басқаратын Механизация және автокөлік бригадасы лайық деп танылды.  

Сонымен қатар жиын барысында жеке номинациялар бойынша да нағыз майталмандар анықталды. Сарапшылар еңбектерін ерекше бағалаған радиобайланысшы Есенәлі Мардан, СОБ маманы Бақыт Майгелдиев, байланысшы Ерсұлтан Қыдырбаев, КТСМ маманы Қарасай Әділханұлы, сондай-ақ Жөндеу-технологиялық телімінің маманы Мырзабай Асқаров Жыл үздігі атағын иеленді.  

Жиын соңында мекеме басшысы Әбдірахман Сырғабаев жүлдегерлерді құттықтап, барлық теміржолшыларға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, қауіпсіздік пен сапа жолындағы еңбектеріне жеміс тіледі. Ал кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова үздіктерге естелік ретінде бағалы сыйлықтар табыстап, дистанция бастығының арнайы дипломдарын тапсырды.  

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда