Шиелі өрт сөндіру пойызы жаңа орынға көшірілді

Аймақтар
16.01.2026, 09:20
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шиелі өрт сөндіру пойызы жаңа орынға көшірілді. Бұл – теміржолшылардың қауіпсіздігі мен тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадам және еңбек адамына қамқорлық пен қауіпсіздігінің кепілі.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №544 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігін техникалық пайдалану» қағидаларының 39-тармағының талабына сай, екі жақты шығу жолынан жөнелтуді қамтамасыз ету мақсатында Шиелі өрт сөндіру пойызын бекеттің 29-жолынан 10-жолға көшіру жұмыстары сәтті жүзеге асырылды. Бұл – қозғалыс қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нақты әрі маңызды қадам.  

Теміржол саласында әрбір атқарылған жұмыс қозғалыс қауіпсіздігімен, адам өмірімен тікелей байланысты. Осы жауапты міндетті жоғары деңгейде орындау үшін техникалық талаптармен қатар, еңбек адамдарының тұрмыстық және санитарлық жағдайына да ерекше көңіл бөлінуі – заман талабы.  

Аталған жұмыс Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Ербол Тәңірбекұлының басшылығымен 2025 жылға арналған «Жол картасы» аясында жүргізілді. Оған вокзалдарда жүріп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде шыққан ескі, бірақ жарамды материалдар тиімді пайдаланылып, кәдеге асты. Осы ұтымды тәсілдің нәтижесінде №30 Шиелі өрт сөндіру пойызы өз күштерімен модульдік ғимараттарды жаңа орынға көшіріп, оларды ағымдық жөндеуден өткізді. 

 

Бұл жұмыстардың басты нәтижесі – жұмысшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайының айтарлықтай жақсаруы. Бүгінде теміржолшылар үшін жылы, ыңғайлы, қауіпсіз әрі жайлы ғимараттар пайдалануға беріліп, еңбек етуге қолайлы орта қалыптастырылды. Бұл – теміржол саласындағы адам факторына, еңбек адамына деген шынайы қамқорлықтың көрінісі.  

Жұмыстардың сапалы әрі белгіленген талаптарға сай орындалуына Шиелі өрт сөндіру пойызының бастығы Ғалымжан Болғанбаевтың сауатты ұйымдастырушылық қабілеті зор ықпал етті. Оның айтуынша, тәжірибелі ұжымның кәсіби біліктілігі барлық шаруаның технологиялық талаптарға сай атқарылуына негіз болған. Олардың қатарында аға өрт сөндіруші Жалғас Ибатаев, бөлім бастығы Болат Жұмасейітов, газ түтінінен қорғау қызметінің шебері Нұрғали Дәуренбеков, көлік жүргізуші Ахмет Шайхымбеков және өрт сөндіруші Марат Қожатаев сынды білікті мамандарды айрықша атап өтті.  

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды