Жүректен жүрекке жылылық сыйлап...

Аймақтар
27.01.2026, 08:28
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол – тек жүк айналымы, пойыздар қауіпсіздігі, сан мен сапа көрсеткішінен тұратын жартылай әскери сала ғана емес, ол мыңдаған адамның жұмыс орны, сүйікті кәсібі, тағдырлары бір арнада тоғысқан жандардың еңбек әлемі. Осындай жауапты саланың жүгін арқалап жүрген жандардың қуанышын бөлісу – ұжымның бірлігін арттыратын асыл дәстүр. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде өткен шара – соның айқын дәлелі.

Бүгінде бөлімше басшылығы ай ішіндегі туған күн иелерін арнайы қабылдап, құрмет көрсету дәстүрін қалыптастырған. Бұл жолды да бөлімше директоры Ербол Тәңірбекұлының басшылығымен, кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен бұл жиын ресми есеп пен құрғақ талдауға емес, адамға, еңбек адамына деген шынайы құрметке ұласты. Әріптестердің ыстық ықыласы мен ізгі тілектері АБЖ бөлімінің инженері Гүлнар Көпбергенқызының 60 жасқа толған мерейтойына арналды. Бұл тек бір адамның мерейтойы емес, теміржол саласына адал қызмет еткен тұтас бір ғұмырдың мерейі еді.  

Темірдей тәртіпке бағынған салада еңбек ету – әр минут, әр шешім, әр әрекет үшін жауап беру деген сөз. Осындай салмақтағы жұмысты абыроймен атқарып келе жатқан әріптеске көрсетілген құрмет – ұжымдық бірліктің, адами жылылықтың айғағы. Сол себепті бұл жиын жүректерді жақындатқан, жанды жадыратқан ерекше форматта өтті.  

Сонымен қатар ыстық ықылас-тілектер әрі қарай жалғасып, қаңтар айында дүние есігін ашқан тағы бірқатар әріптестерді: қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Кенже Қойшығұлованы, АБЖ бөлімінің қызметкерлері Гүлнар Сыздықова мен Айман Оразбаеваны құттықтауға ұласты. Яғни олардың туған күндері де шынайы ықылас пен ақжарма тілектерге толы ортада атап өтілді.  

– Мұндай жалпы құттықтау мен құрмет көрсету дәстүрі әріптестер үшін үлкен мотивация, жұмысқа деген жаңа серпін беретін сәтті бастама екенін өткен жылғы тәжірибе көрсетті, – дейді кәсіподақ ұйымының төрайымы Салтанат Махмутова.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады