Қазалыда теміржолшылардың кәсіби біліктілігін арттыру шарасы өтті

Аймақтар
12.02.2026, 10:51
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде салалық қызметкерлердің білімін шыңдауға бағытталған тәжірибелік оқу ұйымдастырылды.  

Қазалы станциясында өткен шараға Сапақ, Аралқұм, Шөміш, Майлыбас, Көбек станцияларынан, сондай-ақ Қазалы станциясындағы салалық мекемелердің басшы-қосшы құрамы және оқыту шеберлерін қоса алғанда 54 теміржолшы қатысты. Олардың қатарында жол шаруашылығы, белгі беру және сигнализация, электрмен жабдықтау, қозғалыс шаруашылығы қызметкерлері бар.

Іс-шараға Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ербол Оңғарбаев бастаған салалық мекеме басшылары да қатысып, жиналғандар комиссиялық айлық тексеру жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізудің тетіктерін тәжірибе жүзінде пысықтады.

Тәжірибелік оқытудың басты мақсаты – тек теориялық білімді қайталау емес, нақты өндірістік жағдайда жедел әрі дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландыру. Қауіпсіздік – қағаз жүзіндегі талап емес, күнделікті қызметтің өзегі екенін теміржолшылар тағы бір мәрте сезінді.  

– Қозғалыс қауіпсіздігі – теміржолшының темірқазығы. Бүгінгі тәжірибелік оқыту – соның айқын дәлелі. Әр сала мамандары өзара тәжірибе алмасып, кәсіби машықтарын ортаға салды. Мұның барлығы сайып келгенде инфрақұрылым нысандарының техникалық жай-күйін мінсіз ұстауға және ең бастысы адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Ербол Оңғарбаев.

Оқыту бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен теориялық бөлімде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормативтік талаптары, техникалық пайдалану қағидалары, сигнал беру жүйесінің сенімділігі, ақаулардың алдын алу алгоритмдері талқыланды. Ситуациялық тапсырмалар арқылы теміржолшылар шұғыл жағдайларда әрекет ету ретін пысықтап, тәуекелдерді бағалау дағдыларын жетілдірді.

Келесі кезең – станция жолдарындағы тәжірибелік сабақ. Әрбір бағыттамалық бұрманың техникалық жай-күйі, бұрма рельстерінің өлшемдері мен саңылау параметрлері қайта еске түсіріліп, өлшеу жұмыстары нақты құралдармен жүргізілді. 55-бағыттамалық бұрма басындағы тәжірибелік сабақ әрі қарай Қазалы жол дистанциясының оқыту полигонында жалғасты. Мұнда қатысушыларға сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекіту мүмкіндігі берілді.

Станция ғимаратындағы пойыз қозғалысын қадағалау таблосының жұмысы, маневрлік қозғалысты бақылау тәртібі, ескерту сигналдарын беру, тежегіш башмактарын дұрыс қолдану және олардың сақталуын қадағалау мәселелері көрнекі түрде түсіндірілді. Әрбір әрекеттің артында жолаушының қауіпсіздігі, жүктің бүтіндігі, сала абыройы тұрғаны теміржолшылардың санасына тағы бір мәрте сіңірілді.

– Мұндай кешенді оқыту салалық мекемелер арасындағы үйлесімділікті арттырып, қауіпсіздік мәдениетін жаңа деңгейге көтереді.  Әрбір теміржолшыға тәжірибе тіні тынымсыз еңбекте екенін түсіндіретін шара болды, – дейді қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің инженері Кенже Қойшыбаева.

Дәлдік пен тәртіптің мекені саналатын теміржолдағы әр бұранда, әр рельс, әр бір титімдей бөлшек, әр сигнал-үлкен жауапкершіліктің көрінісі. Қазалы станциясында өткен бұл тәжірибелік оқыту теміржолшылардың кәсіби білігін арттырып қана қоймай, олардың салалық кәсіпке деген адалдығын, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген табанды ізденісін айқындай түсті.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды