Әйел – әр шаңырақтың ажары

Аймақтар
05.03.2026, 10:29
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жұмыстағы жетістік бір есептен үйдегі көңіл-күйге де байланысты. Ал отбасындағы ахуалға әйелдер қауымының ықпалы мол. Жуырда Семей локмотив пайдалану депосында локомотив бригадаларының зайыптарымен өткен кездесу осы тақырыпқа арналды.      

Дәстүрлі түрде өткізілетін осынау басқосуға негізінен машинистер, машинист көмекшілерінің жұбайлары шақырылған болатын. Басты мақсат – жауапкершілігі жоғары сала мамандарына отбасының қолдауы, түсіністік танытуы және қамқорлық көрсетудің маңыздылығы туралы еркін әңгіме өрбіту болды. Алдымен депо басшылығы сөз алып, локомотив бригадаларына жүктелер міндеттер туралы баяндап, әр қызметкердің бір күндік жұмыс барысы жайлы әңгіме қозғады.   Сонымен қатар қызметкерлерге көрсетілер әлеуметтік пакеттер, жалақы мәселесі де қозғалды. Семей локомотив пайдалану депосының республикалық деңгейдегі жетістіктері жайлы арнайы түсірілген бейнефильм де көрсетілді. Артынан депо ғимаратына шағын экскурсия да ұйымдастырылды.  

– Әр машинистің, көмекшінің, локомотив бригадасы мүшесінің артында отбасы тұр. Әйел – әр шаңырақтың ажары. Әйелдер – күтетін, қолдайтын, алаңдайтын және сенім көрсететін бірден-бір жандар. Ал теміржол саласында зейін қойып жұмыс істеп, денсаулық пен  қауіпсіздікті сақтауда үйдегі жылулық пен әйел адамның қолдауына ештеңе жетпейді. Демек, үй ішінің берекесін кіргізіп, күйеуінің бар жағдайын жасап отырған әйел заты болмаса, ол жайт тікелей өндірістік көрсеткіштерге де теріс ықпал етеді, – деді депоның   өндірістік нұсқаушысы, ТЧЭ-24 кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Дүйсенбаев.  

Басқосу барысында айтылғандай, қауіпсіздік тек жұмыс орнынан емес, үйден басталады. Отбасындағы ахуал қызмет барысында көрініс табатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Ендеше от басы, ошақ қасындағы көрсетілген қолдау – теміржол саласындағы қауіпсіздікке қосылған елеулі үлес деген сөз.  

Сонымен қатар әсерлі кездесу барысында үздік қызмет атқарып жүрген бірқатар машинистер мен машинист көмекшілері, нарядшылардың жұбайлары арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Барша әйелдер қауымына депо басшылығы тарапынан мерекелік гүл шоқтары табыс етілді.  

Ал іс-шараның соңында әйелдер құрметіне ақ дастархан жайылып, өзара еркін әңгіме өрбіді.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды