Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр

Аймақтар
26.03.2026, 12:41
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордада жолжөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.  Бүгінде Жетітөбе – Бөріойнақ – Аққұм станциялары арасындағы жол арнайы ауыр жол машиналарының көмегімен жөндеуден өткізілуде. Осы телімде 5,5 шақырымдық аумаққа белгіленген жоспардың, қазіргі таңда 1,7 шақырымы орындалды.    

Көктем шығар-шықпас ағымдық күтімі мен күрделі жөндеу шаралары қыза түсетін жолшылар қауымының қазіргі таңдағы жұмысы бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Аймақтан өткізілетін жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда арттыру үшін, жолдың бабын технологиялық талапқа сай ету үшін наурыз айының басында Қызылорда жол дистанциясының солтүстік телімдерінде жол машиналарының көмегімен күрделі жөндеу басталып, енді дистанцияның оңтүстігіндегі телімдеріне ойысқан.   

 

Күрделі жөндеу жұмыстарына ПЧМ Ақтөбеден РМ, ДМ, ДГС, ПБР арнайы жол машиналары, ПЧМ Қырқыншыдан ВПО, ШОМ техникасы, Луговойдың Рельс дәнекерлеу пойызы (ПРСМ) жұмылдырылып, әу баста жопарланған 30 шақырымдық аумақтың басым бөлігін, Қараиірім – Жалағаш және Тереңөзек – Қараөзек телімдерінде күрделі жөндеуден өткізіп үлгерді.    

Күрделі жөндеу жұмыстары пойыздардың кестесіне кедергі болмау үшін ыңғайлы уақыттарда, күндіз де, түнгі уақыттарда да жүргізіліп жатыр.

– Наурыз айының 20-нан бастап Қызылорда жол дистанциясының 5-өндірістік теліміне ПЧМ Ақтөбеден РМ-80, ДМ, ДГС, ПБР жол машиналар кешені келіп, жол астындағы балласты тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу кезінде қиыршық тас төсеу жұмыстарына Қандыағаш дистанциясының ХДВ машинасы да жұмылдырылуда. Жұмыс Жетітөбе – Бөріойнақ – Аққұм станциялары арасындағы жалғыз жолды аралықта жүріп жатыр. Бүгінгі таңда дистанцияның жауапты мамандарының бақылауымен 5,5 шақырымдық аумақты жөндеуден өткізу жоспарының 1,7 шақырымы технологиялық талапқа сай жөндеуден өтті. Жұмыс басында Қызылорда жол дистанциясы директорының орынбасары Қайыржан Төлегенов, 5-телім басшысы Бекболат Зареров бастаған жол шеберлері мен жол жөндеушілер бар, дистанция басшылығы жөндеу жұмыстарының сапалы өткізілуін бақылауда, – деді Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ахметқали Елеусінов.

Жөндеу жұмыстарын 5 сәуірге дейін бітіру жопарланған. Әзірге күніне 4 сағаттық толаскез беріліп, әр толаскез сайын 200 метрлік аумаққа жөндеу жұмыстары жасалып жатыр.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады