Бұлақ көрсең көзін аш
"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі
Жамбыл жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты мекемелердің қызметкерлері республикалық «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысты.
Сенбілікке қатысушылар Тараз қаласының шығыс қақпасынан Алматы бағытына қарай жол бойындағы су көздерін ашып, каналдардың ішін қоқыстан тазартты.
– «Мөлдір бұлақ» – «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары арасында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдау мақсатында ұйымдастырған бастамасы. Сенбілікке Жамбыл жол бөлімшесінің теміржолшылары да біркісідей атсалысты. Сенбіліктің атауы айтып тұрғандай, бұлақтардың көзін ашып, каналдардың арналарын тазарттық, – дейді Жамбыл филиалының қауіпсіздік, еңбек қорғау және экология бөлімінің бастығы Медет Қарымбаев.