Адам өмірі бәрінен қымбат

Аймақтар
01.05.2026, 11:05
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай сала мамандары мен мемлекеттік инспекторлар қатысқан басқосуда еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау арқылы өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері талқыланып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқан үздік қызметкерлер алғыс хатпен марапатталды.

Бөлімшенің бас инженері Берік Бекжановтың басшылығымен өткен басқосуға «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, бөлімшеге қарасты мекемелердің еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік инспекторлары, Қызылорда облыстық еңбек инспекциясы департаментінің маманы Бағлан Жұманов, «Медиум клиник» ЖШС маманы Асем Ибрашова, Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиялогиялық басқармасының басшысы Зауре Маратқызы қатысып, өндірістік қауіпсіздік мәселелері сөз болып, аймақтағы өзге өндіріс орындарымен салыстырғанда теміржолшылар арасында қауіпсіздік талаптарын орындау алғашқы орынға қойылғаны атап өтілді.  

Бір минуттық үнсіздікпен өндірісте қаза болған әріптестерін еске алудан басталған жиында қауіпті ауыр техникалар жұмыс істейтін, жоғары кернеу, сансыз құрылғылар, пойыздар қозғалысы тынымсыз темір жолдың аса қауіпті аймақ саналатыны тағы бір мәрте еске салынды. Осындай қауіпті салада жұмыс істейтін теміржолшылардың қауіпсіздігі үшін компания тарапынан еңбек қорғау мәселесіне жеткілікті көңіл бөлініп отырғаны да назардан тыс қалмады.  

Темір жолда қауіпсіздік тек ереже емес, ол күнделікті өмір салты. Әрбір теміржолшы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, өзіне және әріптестеріне жауапкершілікпен қарауы талап етіледі.

– Телім бойында жұмыс істеп жатқан топ басшысының қолында сол күнгі пойыз қозғалысының кестесі болу керек, ол оған қарап пойыздың қай учаскеде келе жатқанын біліп отырады, жұмыс жасалып жатқан телімге пойыз 500 метр жақындағанда белгі беріп, пойыз өтіп кеткенше жұмысты тоқтатып, жолды босату керек, жалғыз теміржолшының жол бойында жүруіне рұқсат жоқ. Пойыз келе жатқан кезде екі метрден кем болмайтын қашықтықта тұру керек. Бұл заңды түрде бекітілген ереже. Қазір бөлімшеде локомотивке мініп, жасырын графикпен жол бойын тексеріп, бақылау жұмыстары жүріп жатыр. Жол бойындағы барлық жұмыс диспетчердің наряды-рұқсат беру қағазымен орындалады. Сонымен қатар бірінші кезекте барлық теміржолшының жұмыс формасының болуы, қорғаныс құралдарының берілуі, жұмыс құралдарымен қамтамасыз етілуі қатаң бақылауда. Егер жұмысшы жұмыс орнында осы заттарды пайдаланбаған жағдайда оны жұмыстан белгілі уақытқа дейін шектеп, жағдайды сараптау жұмыстары жасалады. Жалпы компанияның талабы бойынша теміржолшының қауіпсіздігі мен еңбегін қорғау мәселесі ең алдымен жұмысшының өзінің амандығы үшін жасалып жатқан талап екенін күн сайын қайталап түсіндіру артық болмайды, адам өмірінен артық құндылық жоқ, – дейді бас инженер.  

Өндірісте жарақат алған Қызылорда станциясының бұрынғы пойыз құрастырушысы Мұса Бегалиев, Белкөл станциясынан Бақытбек Жабаев пен жосалылық Дархан Өтеуов есепте тұр. Оларға келісімшарт шеңберінде көмек беріліп келеді.  

Іс-шарада бөлімше директоры Ербол Сәулебековтің 27.04.2026 жылғы №335 бұйрығы бойынша қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін Арал теңізінің вокзал шебері Талғат Қыдыр, Жосалы вокзалы басшысы Денис Хамов, Қалпына келтіру пойызы слесары Нұрдәулет Аманқос, жолсерік Берік Жарасов, қазалылық АЦ машинисі Ерболат Әлихан, өрт сөндіру жеңін жөндеу шебері Майырхан Ермашов, шиелілік газ түтінінен қорғау шебері Нұрғали Дәуренбеков пен жетекші инженер Жанат Сүлейменоваға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталды.  

Жиын барысында жұмыс тиімділігін арттыру, жұмысшының еңбек жағдайына қанағаттануын қадағалау, желілік бөлімшелер арасында салауатты бәсекелестік пен командалық рухты жақсарту мақсатында жарияланған «Ең үздік жұмыс орны» конкурсының қорытындысы да шығарылды. Конкурсқа ұсынылған бейнебаяндар мен материалдарды реттеп, жинақтаған қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі мамандары атынан Әмірбек Құлмырзаев пен Ұлжалғас Арқабаевтар жылдың «Ең үздік қауіпсіз цехы» аталымымен Шиелі өрт сөндіру пойызы, «Ең ұйымшыл цех» Талап станциясы, «Ең жасыл цех» Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы, «Ең жайлы цех» аталымы бойынша Қазалы жол дистанциясы мен Қазалы электрмен жабдықтау дистанциялары танылғанын жариялап, мерейі үстем болған ұжымдар марапатқа кенелді.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл