Сауатты әрекет етті

Аймақтар
01.05.2026, 11:54
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржол вокзалында өткен кезекті оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес «Семей-Маңғыстау» жолаушылар пойызының сегізінші вагонынан «Белгісіз этиологиялық қызба» деген күдікпен бір жолаушы анықталды.

«Семей-Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызының 8-вагонында келе жатқан 1994 жылы туған азаматтың дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну сияқты шағымдармен жүгінгені туралы ақпарат ең алдымен 24 сәуір күні сағат 08:45 уақытында Маңғыстау теміржол вокзалы диспетчеріне келіп түседі. Жолаушылар пойызының келетін уақыты 09:05 минут...  

Небәрі 20 минут қалды, осы уақыт ішінде тиісті қызметтердің қатысуымен қауіптің алды алынып, қатердің жолы кесілуі тиіс.

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Мұнайлы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Мұнайлы аудандық көпбейінді орталық аурухана, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық филиалының Маңғыстау телімі, Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі жедел хабарланып, ауру белгісі анықталған жағдайда індетке қарсы және індеттің алдын алудың жедел шараларын жүргізуге кіріседі.  

Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары дереу хабарландыру сызбасын қолданысқа енгізеді. Науқас адамды көзбен көріп, ахуалды анық білмегендіктен аса қауіпті жұқпалы ауруға қатысты күдік анықтаған жағдайда қолданылатын іс-шаралар тізімі жоспарға сай жасақталды. Әрі қарай барлық іс-шара оқу-жаттығуға қатысқан жоғарыдағы қызметтердің өзара тығыз, ұйымдасқан әрекетімен жүйелі түрде жүргізіліп, жарты сағатта қауіп-қатердің алдын алып, ең бірінші кезекте пойыз жолаушыларының қауіпсіздігін қатамасыз ете білудің үлгісі көрсетілді.  

– Қауіпті ауруға күдікті жолаушы отырған вагонға барып, ережеге сай әрекет бастадық. Алдымен науқасты басқа жолаушылардан оқшауладық. Медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетілген соң жолаушыдан «Белгісіз этиологиялық қызбаға» қарсы зертханалық зерттеуге сынамалар алынып, эпидемиологиялық анамнез жүргізілді. Науқаспен қарым-қатынаста болған жолау- шыларға термометрия өткізіліп және сауалнама толтырылды. Ос ы жолаушылар вагонында бірге келген жолсеріктердің де, 25 жолаушының да дене қызуы тексеріліп, қауіпті белгі табылмады. Барлық жұмылдырылған қызметтер мен ведомстволар өз қызметін толық көлемде, уақытылы орындап, оқу-жаттығу сәтті аяқталды деуге болады. Ең бастысы тиісті қызметтер сауатты әрекет етіп, жоғары дайындықтарын көрсетті, – дейді Маңғыстау бөлімшелік көліктегі бақылау басқармасының басшысы Әсет Сұлтанов.  

 

Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді