Қызылордада даңқты теміржолшы Үдербай Баймаханов атындағы көше ашылды

Аймақтар
04.05.2026, 16:55
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қаласында теміржолшы атымен аталатын тағы бір көше бар. Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында соғыс және еңбек ардагері, даңқты теміржолшы Үдербай Баймаханов атындағы көшенің ашылу салтанатына облыстық, қалалық және салалық, аймақтық теміржолшы ардагерлер кеңесі мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты.  

Облыстың Сырдария ауданында дүниеге келген Үдербай ақсақал Қызыл-Егінші колхозында еңбек етіп жүрген жерінен 1942 жылы соғысқа алынғанда 23 жастағы жігіт екен. Бірнеше ай дайындықтан өткен соң Украина майданына түсіп,  атты әскер полкінде жорығын бастайды. Қанды қасап соғыстың ең қиын кезі 42-43 жылдарды артқа тастап, зеңбірек полкіне ауысып, командир болады. Әскери шені – кіші сержант.  

1944 жылы кеңес әскері алға жылжи бастайды. Украина мен Белоруссиядан кейін Румынияның Будапешт, Югославияның Белград қалаларын азат еткен қызыл армия қатарында Үдербай Баймаханов  соғысты Австрияның Вена қаласында аяқтайды. Майдандағы ерлігі үшін «Ұлы Отан соғысы» орденімен, екі рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сонымен қатар «Германияны жеңгені үшін», «Будапешті азат еткені үшін», «Белградты азат еткені үшін», «КО маршалы Г.К.Жуков» және басқа да марапаттар иеленген.

Соғыстан аман оралған Үдербай ақсақал 1946 жылы бейбіт еңбекке араласады. Алдымен фабрикада, кейін тұтынушылар бірлестігінде еңбек етіп, 1961 жылдан бастап Қызылорда теміржол станциясының әскери күзетінде атқыш болып он шақты жыл тер төгіп, 1970 жылдан 1985 жылға дейін Қызылорда станциясында жүк қабылдаушы-өлшеуші болып еңбек етіп, зейнетке шыққан.    

Үдербай Баймахановтың атындағы көшенің ашылуы салтанатында сөз алғандар сол дәуірдегі теміржол жұмысының қиындықтарын сөз етті, барлығы қолмен атқарылғанын, жалпы соғыстан кейін ондаған жылдар бойы елдегі ауыр жағдай сақталғанын сөз еткен ардагерлер соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет пен тағзым лайықты деп бағалайтындарын білдірді.

– Теміржол саласында ширек ғасыр ерен еңбектің үлгісін көрсеткен Үдербай ақсақал бірнеше рет теміржол саласы басшылығы тарапынан Құрмет грамотасымен марапатталып, «Социалистік жарыстың жеңімпазы» атаныпты. «Коммунистік еңбек озаты» белгісін екі-үш мәрте иеленіп, қосымша бағалы сыйлықтармен марапатталған теміржолшының есімі Қызылорда қаласындағы көшелердің біріне берілуі – теміржолшылар үшін мәртебе мен мақтаныш. Көшенің ашылуына облыстық, қалалық ардагерлер кеңесі тарапынан үлкен көмек көрсетіліп, ауқымды жұмыс жасалды, қолдау білдірген органдарға алғыс айтамыз, – деді аймақтық теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Шайжан.

Жұбайы Күләш Бейсенқызы екеуі 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген Үдербай ақсақалдың ұрпақтары көпшілікке алғыстарын білдіріп, әке рухына бағыштап дастархан жайды.    

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл