«Төрт қаруың» түгел болсын, теміржолшы!

Аймақтар
05.05.2026, 08:22
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жүк тасымалы филиалының еңбек қорғау жөніндегі инженері Сәлима Мамаеваның бізге берген мәліметіне сүйенсек, түбек теміржолшыларының еңбек жағдайы толық жасалған.

Жалпы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында соңғы екі жылда жүйелі жұмыстар жүзеге асырылған. Теміржолшылар қыстық-жаздық жұмыс киімдерімен, аяқкиім және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Еңбек қауіпсіздігі талаптары сақталып, алдын алу шаралары тиімді жүргізілген. Нәтижесінде өндірістік жарақаттану фактілері тіркелмеген.  

Жауапты маманның айтуынша, өткен қыста Маңғыстау жүк тасымалы филиалында сексен адам алғашқы қыс мезгіліндегі жұмыс сатысынан өткен. Алғашқы қыстаушылардың бесеуі филиалда, қалғаны локомотив депосында еңбек етеді.  

Сәлима Мамаева еңбек қауіпсіздігі саласындағы маңызды бағыттардың бірі қызметкерлерді оқыту екенін айтады. Бөлімшеде жауапты қызметкерлерді оқыту жоспарға сай жүргізіліп, аталған мерзімде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 2 жауапты қызметкер білімін көтерген.  

– Бөлімшеде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылады. Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау басты назарда. Ішкі бақылау жүйесі де тұрақты түрде жүргізілуде. Бірінші тоқсанда барлық деңгейдегі бақылау аясында 102 тексеріс ұйымдастырылып, 58 бұзушылық анықталды. Анықталған кемшіліктер толықтай жойылды.  

Еңбек жағдайлары бойынша бес жылда бір рет өткізілетін жұмыс орындарын міндетті аттестаттау нәтижесіне сәйкес бөлімшеде жалпы 249 жұмыс орны тіркелген. Оның ішінде Жүк тасымалы филиалы бойынша – 102, локомотив пайдалану депосы бойынша – 147. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарының саны – 101. Ал зиянды, ауыр және шиеленісті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны 665 адамға жетті. Зиянды еңбек жағдайларымен айналысатын барлық қызметкер сүт өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ зиянды өндірістік факторлардың тізбесіне сәйкес жылда медициналық қарап-тексеруден өткізіледі. Ауру-сырқаудың алдын алу мақсатында жұмысшыларға шипажайларға тегін жолдама беріледі. 2025-2026 жылында 90 адам демалып, денсаулығын шыңдады, – дейді ол.  

Еңбек қорғауға жауапты маманның айтуынша, бөлімшеде еңбек орындарының санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында да қажетті жұмыстар атқарылған. Санитарлық-тұрмыстық нысандарға – киім ауыстыратын және душ бөлмелеріне, тамақтану бөлмелеріне, санитарлық тораптарға жөндеу жүргізілген. Жаңаөзен станциясының ескі вокзал ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізілген. Жұмыс орындарын жарақтандыру үшін 21 көпфункционалды құрылғы берілген. Ас бөлмесіне 65 дана электр шәйнегі, ауысым қызметкерлеріне 213 дана шам сатып алынған.  

– Теміржолшының «төрт қаруы» түгел болса, көңіл күйі жоғары, жұмысы өнімді болмақ, сондықтан филиал басшылығы жұмысшыларға жағдай жасау арқылы еңбек өнімділігін арттыруды көздейді, – дейді Сәлима Мамаева.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады