Маңғыстауда тыл ардагері Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта ашылды

Аймақтар
08.05.2026, 15:00
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, түбектік теміржолшы Төлепов Нұрғали Санақайұлының құрметіне өзі еңбек еткен Маңғыстау локомотив депосы ғимаратына ескерткіш тақта орнатылды. Мемориалдық белгінің ашылу салтанаты Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесіне тұспа тұс ұйымдастырылды.  

Қиын-қыстау сәтте бұғанасы қатпай жатып еңбекке араласқан ер есімін ұлықтап, үлгі ету мақсатында орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне тыл ардагерінің ұрпақтары, теміржол басшылары, сала қызметкерлері, аймақтық ардагерлер кеңесі мен мұнайлы аудандық ардагерлер ұйымының төрағалары, жергілікті билік өкілдері қатысты. Аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Үсен Имашов, ардагермен бірге еңбек еткен зейнеттегі теміржолшылар, ұрпақтары сөз алып, естеліктер айтты.  

Нұрғали Төлепов 1927 жылы Маңғыстаудың Жетібай ауылында дүниеге келген. 1930 жылдардың ашаршылық кезінде отбасы түркімен жеріне қоныс аударған. Әлі буыны бекімен Нұрғали жас болса да 1941 жылы 14 жасында Казанджик локомотив депосына паровозға от жағушы болып жұмысқа алынған. 1941-1945 жылдары ҰОС кезінде Бронь арқылы сол депода жұмысын жалғастырған.  

Мақат-Ақтау аралығында теміржол салынып, пайдалануға берілгеннен кейін 1966 жылы Маңғыстау станциясында локомотив депосы ашылып, жан-жақтан мамандар жинақтала бастайды. Сол кезі ол да шақыртумен тепловоз машинисі жұмысына келеді. Үш ұл, төрт қызын тарихи Отанына оралтып, Маңғыстаудағы болашақ теміржолшылар әулетінің негізін қалайды.  

1967-1978 жыл аралығында депода жолаушылар тасымалында, маневрлік қозғалысында тепловоз машинисті болып еңбек еткен. Өмірінің соңғы сәтіне дейін осы кәсібіне адал болып, 1978 жылы 51 жасында өмірден өкен. Қазір ата жолын ұрпақтары жалғап жүр. Ұлдары Наурыз бен Өтепберген Тулеповтар түбек теміржолынан зейнетке шыққан. Бүгінде бұл салада немерелерінің аты аталады. Бахтияр Төлепов Маңғыстау жол бөлімшесінде локомотив шаруашылығы бойынша бас инспектор сараптамашысы, жұбайы Майра Маңғыстау темір жол вокзалында хабарламашы.  

Немере қызы Ақмарал Маңғыстау локомотив депосында маршрутты өңдеу операторы, Марат және Ербол Тулепов осы депода тепловоз машинисті. Мадияр мен Азамат Тулепов машинист көмекшісі, жиендерінен Дәурен Құбайдұлла тепловоз машинисті.

- Елге оралғаннан кейін Маңғыстау локомотив депосында қызмет етіп, өзінің артында депоның болашағы үшін осыншама ұрпақты тәрбиелеп берген ардагеріміздің есімін ұлықтап, естелік тақтайша орнату біз үшін де мәртебе. Нұрғали Төлепов жалпы локомотив шаруашылығына бала кезінде келіп, соғыс жылдарында тылды бекемдеу үшін қызмет еткен. Осындай еңбектері үшін Кеңес Одағының Жоғарғы кеңесі төрағасы атынан «Ерлік еңбегі үшін» марапаталған. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің, Қазақ ССр Жоғарғы Советі Президиумының және Министрлер Советінің қаулысы бойынша «Бесжылдықтың тапсырмаларын орындаудағы» аса көрнекті табыстары үшін  Қазақ Советтік Социалистік Республикасының «Алтын Құрмет» кітабына аты жазылған теміржолшы. Оның ұрпақтары да ата атына кір келтірмей, абыроймен өз міндеттерін атқарып жүр, - дейді Маңғыстау локомотив депосының кәсіподақ ұйымы төрағасы Әбілсейт Набиханов.

 

Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді