Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр

Аймақтар
12.05.2026, 15:28
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жол дистанциясында қырық жылға жуық еңбек етіп келе жатқан ол түбек теміржолының әрбір сай-сала, ой-шұқырына дейін жатқа біледі. Әңгіме біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Құрметті теміржолшы, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Жолдас Жетібай жайлы болмақ.  

Әскерден оралған соң Гурьевтегі теміржол транспорты техникумына түсіп, 1988 жылы «Теміржол құрылысы және оны пайдалану, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген жас жігіт Маңғыстау жол дистанциясына жол монтеры болып жұмысқа кіргеннен күні бүгінге дейін тапжылай еңбек етуде. Жұмыста жүріп, өзін әрі қарай тағы да шыңдауды ойлаған ол М.Тынышбаев атындағы Қазақ транспорт және коммуникация академиясында «Жол жаруашылығы инженері, инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша оқиды. Еңбекте жүрсе де техникалық білімін жетілдіріп, қос дипломды маман атанады.

Дистанцияға жұмысқа орналасқан ілкі жылдардан ізденімпаз, еңбексүйгіш жастардың қатарынан көрініп, көп ұзамай жол шебері, телім басшысы болады.  2000-2004 жылдар аралығында Маңғыстау жол дистанциясында еңбекті ұйымдастыру және реттеу бойынша жетекші инженері, инженер-экономист қызметін де атқарады. Осы жылдары «Ұжымдық мердігерлік» әдістемені әзірлеу және іске енгізу жұмыстарына белсенді қатысып, дистанция околоткаларындағы жұмысшыларды жұмыс атқару тиімділігін жақсартып, арттыруға, соның нәтижесінде теміржолдың техникалық жағдайын жоғары сапада ұстауға үлесін қосады. Аталған әдістеме арқылы айлық жалақыны төлеу жүйесін енгізу барысында околотка, телім араларында теміржолдың техникалық жағдайын сапалы ұстауда бәсекелестік арта түседі. Сәйкесінше дистанцияның техникалық көрсеткіштері жақсарып, алдыңғы қатардағы дистанциялар тобына енеді.

  – Түрлі қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткердік. Бұрынғы жолдар қазіргідей емес, инфрақұрылымы әлсіз болатын. Жолдарымыз табиғаттың тосынсыйларына төтеп бере алмай жататын. Бірде Сайөтес – Маңғыстау телімі аралығындағы 209-378 шақырымдарда нөсер жаңбыр салдарынан жол төсемі шайылып кетіп, біраз қиындық туғызды. Көпір мен жол құрылымына зақым келіп, төтенше жағдайды бастан кештік. Бұзылған инфрақұрылымды қалыпқа келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеп, әйтеуір шығынсыз шықтық, – деп еске алады тәжірибелі жолшы.  

Жолдас аға 2008-2014 жылдар аралығында Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының өндірістік бөлімінде Маңғыстау облысы бойынша жетекші инженер қызметін атқарады. Бұл қызметте жүргенде  пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы магистральдық желі құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылына жетекшілік етеді. Бұрыннан өңір теміржолының қыр-сырын білетін тәжірибелі маман ретінде жасанды имараттар мен жолдың жоғарғы құрылымын ағымдағы жөндеуден өткізумен айналысады. Жолдарды, түйіспесіз жолдарды және топырақ бөлімі жағдайын, бағыттама бұрмаларын егжей-тегжейлі зерттеуге, Бейнеу – Шалқар және Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара жаңа теміржол желілерін жобалауға және салуға белсене қатысады. Жаңа желідегі аралық пойыздар қозғалысын басқару жүйесі (СИРДП-Е) мен ТЕТРА коммуникациялары, Құрық порты, Боржақты – Ерсай сияқты жаңартылған құрылғылармен жабдықталған жүйелерді жоспарлау және құрылысын жүргізу процесінде де белсенділік танытады.  

2014 жылдан бері ұзындығы 308 шақырымды құрайтын Маңғыстау – Құрық – Порт – Жаңаөзен – Болашақ учаскесінде Маңғыстау жол дистанциясының бастығының орынбасары қызметін атқаратын Жолдас Жетібайдың тікелей басшылығымен Сайөтес – Маңғыстау телімінде 142 шақырым бас жолына күрделі жөндеу, Маңғыстау – Жаңаөзен телімінде 60 шақырым күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 18 жиынтық  бағыттама бұрмаларын күшейту, ағаш білеулерінен темірбетонды білеулерге аудару жұмастары жүзеге асырылды.  

Екі жүзге жуық жолшы еңбек ететін учаскеде жолдық бағам орташа 22 балл құрайды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Кәсіпқойлық пен қарапайымдылықты қатар ұстанатын жан ортасына сыйлы, ұжымда үлкен беделге ие. Ал отбасында ұл-қыз өсіріп немере сүйіп отырған бақытты жан.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты