Қозғалыс қауіпсіздігін күзеткен теміржолшылардың аналарына құрмет көрсетілді

Аймақтар
15.05.2026, 09:20
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Халықаралық аналар күніне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Асан Үмбетов қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға ерекше үлес қосып жүрген теміржолшылардың аналарына «Линк» бағдарламасы арқылы шығып, өз кәсібіне адал перзенттерді тәрбиелеген жандарға алғысын айтты.

Соның бірі Маңғыстау локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі «Құрметті теміржолшы» Берік Құлбарақовтың анасы – Жаңыл апа. Кездесуге сондай-ақ Маңғыстау жүк тасымалы филиалы директоры Қарақат Жақанов пен оның орынбасары, бөлім басшылары және Маңғыстау локомотив пайдалану депосының бастығы, кәсіподақ комитетінің төрағалары қатысты. Олар да өз кезегінде сөз алып, аналар күнімен құттықтады.

Жанкешті еңбегімен теміржолдағы бүкіл бір апаттың алдын алып қалған машинистің анасына ұлттық нақыштағы камзол кигізіп, орамал жапты.  

Берік Құлбарақов осыдан бірнеше жыл бұрын теміржол өткелінде жүк пойызының алдынан жүк көлігі шығып соқтығысқанда тепловозды басқарып келе жатқан болатын. Оқиға болған сәтте пайда болған өрттен денесінің көп бөлігін өрт шалып, жағдайының қиындығына қарамастан дер кезінде шұғыл әрекет етіп, оқыс жағдайдан шыға білген теміржолшы. Сол оқиғадан кейін қанша уақыт төсекке таңылып жатса да ерік-жігері мықтылығының нәтижесінде аяққа қайта тұрып, жұмысына оралған.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды