Жақсының аты өлмейді

Аймақтар
18.06.2026, 09:53
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңірінің солтүстігіндегі Жосалы станциясында соғыс және еңбек ардагері, Құрметті теміржолшы Торыбай Аманжолов атындағы көше ашылды. Теміржолшылар, жергілікті билік өкілдері, ардагердің ұрпақтары көшенің ашылуына қатысып, естеліктерімен бөлісті.  

Теміржол тарихында соғыс пен бейбіт еңбек майданында ерлікке пара-пар іс тындырған азаматтар аз емес. Солардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері, теміржолдың майталман маманы болған Торыбай Аманжолов 1924 жылы осы Жосалы кентінде дүниеге келген. 1942 жылы он сегізге толар-толмас қатарларынан қалғысы келмей өзі сұранып қан майданға аттанады.

Соғысты Ресей жерінде бастап, кейін №268 гвардиялық атқыштар полкінің құрамында көптеген әскери операцияларға қатысады. Украина жерін, Харьков қаласын жаудан азат ету шайқастарында ерлігімен көзге түскен кіші сержант әскери басшылықтың алғысына ие болып,    II дәрежелі «Қызыл Жұлдыз» орденімен, басқа да медальдармен марапатталады.    

Соғыс жорығында үш рет жарақат алғанына қарамастан жауынгерлік жолын жалғастырып, Жеңісті Польша жерінде қарсы алады. 1945 жылы Мәскеуде өткен тарихи Жеңіс парадына қатысу құрметіне ие болады.

– Осындай даңқты жерлесіміз соғыстан кейін туған жеріне оралып,  Қазалы пайдалану вагон депосының Жосалы техникалық қызмет көрсету бекетінде слесарь-жөндеуші болып еңбек жолын бастайды. Іскерлігі мен жауапкершілігінің арқасында вагон қараушы, аға вагон қараушы, кейін Жосалы вагон бақылау және жөндеу бекетінің шебері қызметіне дейін көтеріледі. Теміржол саласының дамуына қосқан қомақты үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, II және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегері атанып, «Құрметті теміржолшы», «Үздік вагоншы», «Еңбек белсендісі» төсбелгілерімен марапатталған, – дейді Қызылорда теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Шайжан.

Торыбай Есетұлының құдай қосқан қосағы Үрхия Қарақұлова да теміржол саласында ұзақ жылдар еңбек еткен білікті маман болды. Ерлі-зайыптылар 11 бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде олардың өнегелі жолын ұрпақтары жалғастырып келеді. Әулеттен тараған 26 немере мен 32 шөбере ата-баба аманатына адал болып, еңбек пен бірлікті ту етіп келеді. Ұлдары Жаяхмет, Мұратбек және Марат та теміржолшы болды. Салада 43 жыл еңбек еткен Жаяхмет Торыбайұлы Қорқыт станциясын абыройлы басқарып, зейнетке шықты.    

Жиналғандар атап өткендей, Торыбай Аманжоловтың тағылымды ғұмыры – Отанға, туған елі мен жеріне, сүйікті кәсібіне деген адалдықтың, шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды