Атырау облысында бес вокзал дайын

Аймақтар
26.06.2026, 09:39
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Үкімет отырысында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов аймақты темір жол вокзалдарының құрылыс барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыс басшысы өңірде теміржол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары аясында Қазақстан темір жолымен бірлесіп 9 вокзал қайта жөндеуден өтіп, жаңадан салынып жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда ғимараттардың бәрінде құрылыс жүріп жатыр. Осы жылдың қыркүйек айына дейін аймақтағы Исатай, Жамансор және Мұқыр станцияларындағы вокзалдарда құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады. Ал, Мақат, Сағыз, Доссор, Аққыстау және Құрманғазы станциясының вокзалдары қазірдің өзінде толық дайын.  

«Осы бес станцияда ескірген құрылыстардың орнына мүлдем жаңа ғимараттар бой көтерген. Жаңартылған вокзалдарда қасбеттер, инженерлік және санитариялық желілер ауыстырылып, заманауи жарықтандыру мен навигация орнатылып жатыр. Кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Ғимараттарда пандустар, заманауи ана мен бала бөлмелері, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы аймақтар жабдықталып жатыр. Жоспарда көтергіш платформалард орнату да қарастырылған», деп мәлімдеді облыс басшысы.  

Ал Атыраудың теміржол вокзалында2026 жылдың соңына дейін қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтау жоспарланып отырған көрінеді.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді