ҚТЖ мен Wabtec Қызылорда облысындағы Оқушылар шығармашылығы сарайының 30%-ын салып үлгерді

Аймақтар
02.07.2026, 08:09

Қызылорда облысы Арал ауданының Сексеуіл кентінде маңызды әлеуметтік нысан - Оқушылар шығармашылығы сарайының құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ауқымды жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен әлемдік технологиялық көшбасшы Wabtec компаниясы арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастықты кеңейту аясында іске асырылуда.

Бүгінде құрылысшылар жоспарланған жұмыстардың жалпы көлемінің 30%-ын орындап, бекітілген кестені қатаң сақтап келеді. Қазақстан өңірлерінде заманауи білім беру инфрақұрылымын дамыту ҚТЖ мен Wabtec арасындағы әлеуметтік өзара іс-қимылдың негізгі бағытына айналды. Болашақ Шығармашылық сарайы көпфункционалды инновациялық хаб ретінде жобаланған. Нысан бір шаңырақ астында 100 орындық Оқушылар үйін және 50 орындық Өнер мектебін біріктіреді.

Екі қабатты ультразаманауи ғимараттың жалпы ауданы кемінде 1 950 шаршы метрді құрайды. Мұнда Арал өңірі балаларының шығармашылық, зияткерлік және ғылыми әлеуетін ашуға барлық жағдай жасалып, олардың әлемдік деңгейдегі сапалы қосымша білімге қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

Нысан құрылысы Қызылорда облысының экономикасына тікелей оң әсерін тигізуде. Жобаны іске асыруға 120-дан астам жоғары білікті маман тартылған. Ғимарат құрылысында отандық өндірістің сапалы құрылыс материалдары барынша кеңінен қолданылуда. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін өңірде мұғалімдер, әкімшілік және техникалық қызметкерлер үшін шамамен 100 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Wabtec тарапынан мұндай бастамаларға қолдау көрсетілуі америкалық машина жасау алыбының тұрақты даму қағидаттарына (ESG) сай әрі өзі жұмыс істейтін елдерде әлеуметтік жауапкершілігі жоғары екендігін көрсетеді. ҚТЖ-мен бірлесіп қазақстандық өскелең ұрпаққа қолдау көрсете отырып, серіктестер өңірдің болашақ дамуы мен өркендеуіне берік негіз қалауда.

 

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады