Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді

Аймақтар
21.08.2026, 09:36
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Темір жол және автобан арқылы еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін, шығысы мен батысын байланыстырып жатқан Шу қаласы – нағыз тоғыз жолдың торабы. Тораптық станцияның негізгі үш теміржол өткелінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті.

Шу жол дистанциясының жауапты қызметкерлері ұйымдастырған рейдтік іс-шараға Шу станциясындағы желілік полиция және аудандық полиция бөлімінің Жол және техникалық инспекция тобының, Шу станциясындағы вагондарды дайындау пункті коммерциялық қауіпсіздік бекетінің қызметкерлері қатысты.  

– 3745-шақырымдағы Тоғай өткелі арқылы жүк және жолаушылар пойыздарымен қатар, автокөліктер көп өтеді. Ал 3731-шақырымдағы «ХимПарк» – өңірдегі арнайы экономикалық аймаққа барар жолмен қиылысады. Ол маңда өнеркәсіптік нысандар көп орналасқандықтан, жүк көліктерінің қозғалысы жоғары. Ал 3748-шақырымдағы Қонаев өткелінің маңызы – қалаішілік және қаламаңы жолдарымен байланыстырады. Үш өткел де қала аумағындағы көлік пен пойыз қозғалысы қиылысатын маңызды әрі қауіпті аймақтар. Сондықтан көлік жүргізушілеріне шлагбаум жабық тұрғанда немесе тыйым салатын сигнал жанғанда тоқтап, жолдың ашылғанын күту қажеттігі түсіндірілді, – дейді Шу жол дистанциясының өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері Ерлан Жадыраев.  

Рейд кезінде дистанцияның өндірістік оқу шебері Серік Михабаев пен Ерлан Мәлікұлы жүргізушілерге қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратты.  

Сондай-ақ полиция бөлімінің Жол және техникалық инспекция тобының полиция лейтенанты Әлішер Атан, Шу станциясындағы вагондарды дайындау пункті коммерциялық қауіпсіздік бекетінің полицейі, полиция кіші сержанты Дос Жанболат көлік иелеріне бағдаршамның қызыл түсі жанып, белгі берілгенде жол ережелерін сақтамаған көлік жүргізушілеріне ауызша ескертуден кейін заң талаптары бойынша жазбаша хаттама толтырылатынын жеткізді. Шлагбаум жабылған сәттегі іс-әрекеттер алгоритмі пысықталып, оны қатаң сақтаудың қаншалықты маңызды екені түсіндірілді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады