Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті

Аймақтар
28.08.2026, 09:32
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау магистральдық желі бөлімшесінде «Дәстүрі терең теміржол, тарихы тағылымды ұжым» атты салтанатты шара өтті. Онда жылдар бойы аймақ теміржолының дамуына қызмет етіп келе жатқан бес бірдей мекеменің мерейтойы аталып өтіп, теміржолшылар еңбегіне баға берілді.

Тоқталып өтсек, Мақат қалпына келтіру пойызына – 90 жыл, Ақжайық өрт сөндіру пойызына – 85 жыл, Мақат пен Доссор вокзалдарына – 60 жыл, Атырау вокзалына 55 жыл толып отыр. Алқалы жиынға аймақ теміржолының басшыларымен қатар аталған мекемелердің ардагерлері мен бүгінгі қызметкерлері де қатысты. Салтанатты шарада сөз алған Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаев сала ардагерлері мен мамандарын құттықтап, көп жылғы адал еңбектері үшін алғыс айтты.  

1936 жылы құрылған Мақат қалпына келтіру пойызы – теміржол апаттарының салдарын жоюға, рельстен шыққан вагондарды көтеруге және жол инфрақұрылымын жедел жөндеуге арналған арнайы техникалық қозғалмалы құрам. Теміржолдың «жедел жәрдемі» соңғы жылдары Мақат өңірі мен оған жақын учаскелерде болған бірнеше теміржол апаттарының салдарын жоюға қатысты: 2014 жылы Сағыз-Мақат учаскесінде «Алматы-Атырау» жолаушылар пойызының 12 вагоны рельстен шыққанда Мақат пойызы қысқа мерзімде жолды қалпына келтірді. 2024 жылы Мақат станциясында күкірт тиелген 4 жекеменшік жүк вагоны аударылған кезде өрт сөндіру пойызымен бірлесіп, қозғалысты толықтай ретке келтіруге атсалысты. 1941 жылы құрылған Ақжайық өрт сөндіру пойызы – Атырау облысындағы теміржол көлігінде және оған жақын аумақтарда туындайтын төтенше жағдайлар мен өртті сөндіруге арналған арнайы жасақ. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерімен бірлесе іс-қимыл жасап, теміржол бойындағы немесе станциялардағы жылжымалы құрам мен цистерналардың жануы сияқты қауіптерді жоюда жедел әрекет етеді.  

Мақат, Доссор, Атырау вокзалдары да жарты ғасырдан астам уақыт жолаушыларға қызмет көрсетіп келеді. Мақат вокзалы биыл күрделі жөндеуден өтсе, Доссор вокзалы жаңадан салынды. Ал Атырау вокзалы қайта жаңғырту бағдарламасына сәйкес бүгінгі күні жөндеуден өтуде, қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда.  

Әрине, мерейтой – сол ұжымдардың еселі еңбегіне көрсетілген құрмет, қалыптасқан еңбек дәстүріне тағзым. Аймақ теміржолшылары тарихы терең, еңбегі ерен бірнеше ұжымның мерейтойын бірге атап өтуді құп көріпті. Атаулы күнге орай барлық мекемелерден теміржол саласының дамуына сүбелі үлес қосқан зейнеткерлер мен өз ісіне адалдық танытып жүрген бүгінгі мамандар марапатталды. Олардың қатарында Мақат қалпына келтіру пойызының кран машинисі М.Баукешев, пойыз бастығы С.Кекілбаев, арнайы вагон жолсерігі Л.Жалғасбаева, Ақжайық өрт сөндіру пойызының газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері Ж.Разиев, Орталықтандырылған өрт сөндіру байланыс пунктінің диспетчері Л.Жұмағалиева, Мақат вокзалы бастығының кезекші көмекшісі Г.Жанғалиева, вокзал дикторы А.Тәңірбергенова, Атырау вокзалы бастығының кезекші көмекшісі – Р.Қожиева, Атырау вокзалының дикторы Э.Тасеменова, т.б. бар.  

Сонымен қатар «Мақат қалпына келтіру пойызының үздік маманы» номинациясымен кран машинисі Б.Ербосынов, «Теміржол саласының дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясымен Орталықтандырылған өрт сөндіру байланыс пунктінің материалдық-қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі Н.Молдағараева, «Кәсібіне адалдығы үшін» номинациясымен Атырау вокзалының кезекшісі Р.Мутанова, «Жолаушыға жанашыр қызметкер» номинациясымен Атырау вокзалы бастығының кезекші көмекшісі С.Есдаулетова, Құлсары жол дистанциясының инженер-электроншысы С.Сарсенбай «Инженерлік шеберлік көшбасшысы» номинациясымен және теміржол саласының тыныс-тіршілігін кәсіби деңгейде насихаттап, ұжымның еңбегі мен жетістіктерін шығармашылықпен бейнелеп, сапалы әрі тартымды медиаконтент әзірлеуге қосқан үлесі үшін Атырау станциясының пойыз құрастырушысы Ж.Алтыбай марапатталды.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды