Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Аймақтар
16.09.2026, 14:12
Оқуға 2 мин
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Елдос Нестай Семей қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазіргі уақытта нысанда шатырды орнату, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары, жылытумен желдету жүйелерін, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін орнату, сондай-ақ электр монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде жолаушылар үшін уақытша қызмет көрсету пункттері ұйымдастырылған.

Тексеру барысында орындалып жатқан жұмыстардың сапасына және белгіленген мерзімдердің сақталуына ерекше назар аударылды. Өз кезегінде Елдос Нестай жұмыстардың қарқынын барынша жеделдетіп, оларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ вокзал ғимаратындағы ішкі жұмыстар мен оған іргелес аумақты абаттандыру шараларын қатар және кешенді түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді. Бұл ретте жаңартылған вокзал мен оған іргелес аумақтың заманауи талаптарға сай болуына және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауына ерекше назар аудару қажет.

Семей қаласындағы вокзалды қайта жаңғырту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан теміржол вокзалдары инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама аясында еліміз бойынша 124 теміржол вокзалы жаңғыртылуда, оның 10-ы Абай облысында орналасқан.

Өңірде Ауыл, Белағаш, Дегелең, Шар, Үшбиік, Жарма және Жалаңашкөл станцияларындағы теміржол вокзалдары толық жаңартылып, пайдалануға берілді.

Жолаушылар инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қолайлы жағдай жасауға және теміржол инфрақұрылымы нысандарын заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті