Тал еккеннің сауабы мол
Аймақтар
19.05.2016, 15:10
Семейлік теміржолшылар қала бойынша өтетін қоғамдық шаралардың көш басында.
Бұл жолы жол бөлімшесінің басшысы, қалалық мәслихат депутаты Марлен Көкірекбаевтың бастамасымен аймақ теміржолшылары облыстық аурухананың күндізгі балалар стационары бөлімінің кең ауласын тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды. Сауабы мол игілікті шараға білек сыбана атсалысқан теміржолшылар айналасы бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде жалпы саны 70 түп ағаш отырғызды. Семей жол бөлімшесі ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі, ардагер теміржолшы Нағима Мойынбаева бастаған сала қызметкерлері алма ағашы, жөке ағашы мен сирень көшеттерін екті.
– Тал еккеннің сауабы мол дейді ғой. Бұл жолы қаланың тұрғындар ең тығыз орналасқан ауданына, облыстық аурухана алаңына жас өскіндер отырғыздық. Бұл жерде біздің еліміздің болашағы, балалар емделеді. Жас тал көшеттері солармен бірге бой түзесін деген ниеттеміз. Осынау тартуымыз бір есептен дәрігерлер қауымы мен ем қабылдаушы балдырғандар үшін семейлік теміржолшылар тарапынан естелік, – дейді Нағима Абдуайтқызы.
Теміржолшыларға зор алғыс білдірген дәрігерлер қауымы жасыл желекті күтіп-баптауды өз міндеттеріне алды.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады