Жұмыс нәтижелі, көрсеткіш көтеріңкі

Аймақтар
09.11.2018, 11:03

Жалпы, бөлімше барлық 16 көрсеткіш бойынша озық шығып, жоспарды жүз пайыздан артық орындады. Жоспардың артығымен орындалуына вагондардың жүк паркін сапалы пайдалану, жүк вагондарының өнімділігін, жүрісін арттыру, тағы басқа жағдайлар ықпал еткен. 

 Мәселен, пайдаланым жүк айналымының артуымен қоса, жүк тиеу, жүк вагоны өнімділігі, вагонның орташа тәуліктік жүрісі, вагонның статистикалық салмағы, бір жүк операциясына вагонның тұруы, локомотив жүрісі, өнімділігі, пойыздың учаскелік жылдамдығы, пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы, пойыздың орташа салмағы жоспарлары жүз пайыздық көрсеткіштен асыра орындалды.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Темірхан Аманқұловтың айтуынша, 10 айда жүк тиеу көлемі орташа тәуліктік 512 вагон болып, жоспар 108,3 пайызға орындалған. Жалпы, пайдаланым жүк айналымы көлемінің әр айда әртүрлі болу себебі негізгі жүк жөнелтуші «Теңізшевройл», «Батыс Транс Групп» ЖШС тарапынан мұнай өнімдерін жіберу азайып кеткенінен болады. Яғни, зауыттың күкірт түйіршіктейтін қондырғысында сәуір-қыркүйек айлары аралығында қайта-қайта жоспарланбаған жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыс тоқтаған. Ол Құлсары станциясынан түйіршіктелген күкірт өнімінің айтарлықтай аз тиелуіне әкелген. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешенінде қосу-реттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мазут, газойль сынды мұнай өнімдері аз тиелген. Есепті мерзімде транзитті тасымал көлемі де азайғаны байқалады. Бөлімшемен 4 пойыз, 2 пойыз Қиғаш түйіспесінен, бір-бір пойыздан Сағыз бен Құлсары түйіспесінен пойыздар кем алынған. Нәтижесінде тиелген вагондар жүрісінің вагон-шақырымы 5-7 пайызға азайған.

Пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығы 1 пайызға кем болды. Оның себебі Мақат-Атырау айналымында күрделі жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жылдамдықты шектеуге ескерту беру саны артқан. Нәтижесінде техникалық жылдамдық та кемиді. Жүк тиеу көлемі де зауыттардағы жоспарланбаған жөндеу жұмыстары әсерінен кеміп қалады. Яғни, «Теңізшевройл» ЖШС жүк тиеуден бас тартады, химиткаттар уақтылы тиелмейді. Төлем қабілеті жоқ мекемелердің де бұған қатысы бар. Тиелген жүкті Теңдік станциясы арқылы алып кетуге қаржысы мен қауқары жетпей қалады. Кейде келісілген уақытта химикат, мұнай, металсынықтары болмай қалып, жүк тиеу көлеміне кері әсер етеді.

Қосұйым Мұқашев, Атырау


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл