Үш мыңға жуық вагон көмір

Аймақтар
09.11.2018, 11:05

Биылғы сәуір-қазан айлары аралығында өңірге салмағы шамамын 188 мың 965 тоннаны құрайтын 2 734 вагон көмір жеткізілген.   

Соның ішінде, өндіріске арналған көмір көлемі 1 965 вагон болса, 258 вагон коммерциялық және 383 вагон бюджеттік бағыттағы қатты отын екен. Олар Жіңішке, Карауылкелді, Мартөк, Қандыағаш, Әйтекеби, Ащы сай, Жем, Шалқар, Бершүгір станцияларына жөнелтілген.

«2018-2019 жылдарға арналған жылыту маусымына техникалық көмірге қажеттілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде жүріп жатыр. «ҚТЖ» АҚ-ның Ақтөбе Жүк тасымалы филиалы бойынша 345 тонна көмір түсті. Жоспар бойынша техникалық көмір 345 тоннаға жетуі тиіс, яғни бұл бағыттағы жұмыс толық орындалды. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі бойынша 3 370,27 тонна техникалық көмірді жеткізу жоспарланған болатын, бүгінде бұл меженің орындалуы 61 пайызды құрап отыр. Батыс аймақтық «Вагонсервис» жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша техникалық қажеттіліктерге арналған көмірмен жабдықтау жоспары 14,667,67 тоннаны құрайды. Мұнда қазіргі уақытқа дейін нақты жеткізілгені 8171 тоннаны құрайды», – дейді Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Жасұлан Рысқалиев.

Ал 2018-2019 жылдар аралығында жол жүру бекеттерінде, 3-5-класты станцияларда жұмыс істейтін қызметкерлер мен зейнеткерлерді тұрмыстық көмірмен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстары да өңірде жүз пайызға орындалған. «Темiржолсу» АҚ-мен жасасқан шартқа сәйкес тұрмыстық көмірді жеткізу жоспары 1035 тоннаны құрайды. Бұл жұмыстар 100 пайызға орындалған. Сонымен қатар, 3-5-кластағы станцияларда жұмыс істейтін қызметкерлер мен зейнеткерлерді тұрмыстық көмірмен қамтамасыз етуді ұйымдастыру 99,2 пайызға орындалған.

Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл