Маңызды жүктер тасымалы бақылауда

Аймақтар
09.11.2018, 11:06


Брифингке шұғыл бөлімнің басшысы Ермек Төлешов, логистика бөлімінің басшысы Нұрлан Қанаев, техникалық бөлімнің басшысы Ильяс Нұржанов қатысты. Теміржол саласының мамандары журналистерге «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметкерлері тұтынушыларға қажетті жүктерді уақытылы әрі сапалы жеткізуді абыроймен атқарып келе жатқанын жеткізді. Айталық, бүгінгі таңда жүк жөнелтушілердің тапсырыстарын орындау үшін Компания қабылдап жатқан шаралар ерекше маңызға ие болып отыр.

Компания алдына қойылған міндеттемелерінің бірі әлеуметтік маңызды жүктер – бидай, көмір және ұнды тасымалдау. Осыған орай, осы жылдың 10 айында Шымкент жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша 9 млн 505 мың 805 тонна жүк тиеліп, 9 млн 186 мың 974 тонна жүк түсірілген.

Шымкент бөлімшесі осы тұрғыда алға қойылған жоспарларды толығымен орындап келеді. Қазіргі таңда көмір тасымалдаумен 30-дан аса мекеме айналысып келеді. Олардың арасында ВИП-М, Азамат-Мұнай, Санас және т.б. мекемелер бар. Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша 2018-2019 жылғы жылыту маусымында қатты көмір отынын пайдалану жоспары 1 млн 300 мың тонна болса, тасымалданғаны 1 млн 144 мың тонна немесе 88%. Соның ішінде бюджеттік мекемелердің жоспары 174,6 мың тонна көмір болса, тасымалданғаны 174,6 мың тонна немесе 100%.

Шымкент қаласы бойынша жоспар – 5 500 тонна болса, тасымал 100% орындалды. Кентау ЖЭО-5 – жоспары 87 мың тонна болса, тасымалданғаны 57 000 тонна, яғни норма бойынша үш айлық қор жиналған. Түркістан жылу жоспары – 15 600 тонна болса, тасымалданғаны – 6 000 тонна. Норма бойынша екі айлық қор жиналған. Арыс жылу жоспары – 3914 болса, тасымалданғаны – 2 900 тонна, мұнда да үш айлық қор жиналған.

«Көмір отыны мәселесі бойынша Түркістан облысы және Шымкент қаласы әкімдігінің тиісті департаменттерімен бірлесіп, тығыз байланыста жұмыс жасаудамыз. Жұмыс барысы жан-жақты бақылауға алынған», – деді брифингте бөлімшенің бас инженері Әбілқасым Сарыұлы.

Келесі кезекте журналистерге көмірден кейін бидай мәселесі айтылды. Түркістан облысы бойынша бидай және ұн өнімдерін тасымалдаумен 35-тен аса мекеме айналысады. 2018 жылдың он айында Шымкент бөлімшесі бойынша 967 мың 050 тонна бидай тасымалданған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,7% құрады. Жыл басынан бері 467 мың 908 тонна ұн артылса, оның ішінде 409 мың 68 тоннасы экспортқа жөнелтілген. Ал 58 мың 226 тоннасы ішкі нарыққа артылып отыр. Өткен жылдың нақ осы кезеңімен салыстырғанда 81% орындалды немесе 115 мың 839 тоннаға азайған.

 Мұның себебін, бөлім мамандары ұн өнімінің көбінесе орталық Азия мемлекеттеріне экспортталатындықтан, Өзбекстан өздері ұн өндіруді қолған алғанымен түсіндірді. Сол себепті сұраныс жылдан-жылға төмендеуде екен.

Жалпы, Қазақстан темір жолы компаниясының вагондары жүк тасымалдауға толығымен жеткілікті. Жұмыс тобының мүшелеріне «Қазтеміртранс» АҚ меншіктік жабық вагондарын және де «Астық Транс» АҚ меншіктік астық тасымалдаушы құрамдарын қабылдауды және тапсыруды тәулік сайын бақылау белгіленді. Бұдан бөлек, тиеуге және түсіруге вагондарды уақытылы тазалап беруді қамтамасыз ету, станциялардың технологиялық жұмыс үдерісін сақтау және жергілікті жүкті тасу бойынша станциялардың жұмыстарына бақылау орнатылды.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл