Қозғалыс командирі

Аймақтар
09.11.2018, 11:11

Жайлау Рысбеков – Арыс станциясының маневрлік диспетчері. Теміржол саласындағы еңбек өтілі – 35 жыл. Біз кейіпкеріміздің қауырт жұмыс үстінен түстік. Қолы босаған сәтте әңгімеге тартып, маневрлік диспетчер қызметінің қыр-сырымен таныстық.   

– Біздің жұмысымыз таңғы сағат 8.30-да басталады. Алдымен жиналыс өтіп, онда жұмысшылардың міндеттеріне қатысты нұсқаулық беріліп, жоспар жасалады. Сосын түнгі ауысымда болған әріптесімнен жұмысты қабылдап аламын. Осы станцияда қанша электровоз бар, қанша құрама, қанша пойыз келеді, кетеді –барлығын қадағалап отырамыз. Әр айға берілген вагондар болады, бүгін паркте 33 электровоз қабылдадық. Депода 34 электровоз болды, қабылдап болған соң осы 34-тің екеуін шығысқа, екеуін оңтүстікке жібердік. Жұмыс істеп жатқан тепловоз, депо, ВЧД, ШЧ жұмыстарын бақылап отырамыз. Әр шаруашылықтың жауапты мамандары бар. Жолаушылар пойызын, вагон операторының да жұмыстарын қадағалаймыз. Қысқасы, 12 сағаттың ішінде қалай жұмыс істейтініміз кестеге бекітілген. Диспетчердің басты мақсаты – станцияның жұмысын ұйымдастыру, пойыздарды қабылдап алып, жөнелту. Дөңестен тасталатын вагондардың саны нормативке сай қанша болу керек, жұмыс барысы қалай, жоспарға сай атқарып отырамыз. Жүк тиеу, жүк түсіру, вагондар дөңестен түсірілуі, өңделуі, тағысын тағы жұмыстарды басқару – біздің міндетіміз. Мысалы, кемінде күніне 25 пойыз қабылданып, 25-27 пойыз жіберіліп отырады, кейде 30-дан асып кететін де кездер болады», – деді Жайлау Қайбылдашұлы өзінің күнделікті атқарып отырған жұмысын егжей-тегжейлі түсіндіріп.

Жайлау ағамыз темір жолда тер төгіп жатқан 35 жыл ішінде, теміржолшы кәсібін таңдағанына бір сәт те өкінбегенін айтады. «Әрине, әр жұмыстың өз қиындығы, жауапкершілігі бар. Бірақ, темір жолдың жөні бөлек қой. Мұнда бәрі тәртіпке түзілген. Сөйлесу реті де жазылып қойылған. Артық ауыз сөз жоқ. Темірдей тәртіп, жауапкершілік те жоғары. Жұмыстағы осы тәртіп пен жауапкершілік менің күнделікті өміріме де оң әсерін тигізді. Темір жол осынысымен ұнайды» деп сөзін түйіндейді қозғалыс «командирі».

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Арыс–Шымкент

Суретті түсірген автор


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл