Атырау магистральдық желі бөлімшесі былтыр 36 км қоршау салып, 54 шақырымын жөндеген

Аймақтар
31.01.2019, 14:37

«Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, теміржолшылар үшін жырға айналған қауіпсіздік тақырыбының өзегі – теміржол бойында қараусыз жүрген мал мәселесі.  

2018 жылы өңірде жүк және жолаушы пойыздарымен 8 жерде мал басылу оқиғасы тіркеліпті. Соған орай теміржолшылар жол жиектеріне малға қарсы қоршаулар салу ісін үдете түсті. Магистральдық желі бөлімшесі бойынша өткен жылы жаңадан 36,2 км қоршау салынып, 54,4 км бұрынғы қоршаулар жөнделген. Осы жұмыстарға 20 тонна тікенекті сым алынып, орнатылған. Сол секілді 550 км құрайтын Сағыз-Мақат-Атырау телімі аралығына мердігерлік әдіспен малға қарсы қоршау жұмысын жасау бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындалыпты.  

Өткен жылда 2687 мал иесіне темір жол аймағында мал бағу жөніндегі ескерту ережелері таныстырылып, 15 адамға тәртіп бұзушылық жөнінде хаттама толтырылған. Сондай-ақ, шұғыл тежеулердің, қараусыз малдың, ұрлық және бөгде адамдардың жолға шығуының алдын алу мақсатында жол дистанциялары мамандары тұрғындармен кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Осы бағытта станция-разьездерде 610 адаммен жиын өтіп, «Темір жол – қауіпті аймақ» тақырыбында 102 мектеп оқушыларымен түсіндірме жұмыстары, жол полициясы мамандарымен 43 рейд жүргізіліп, 3109 автокөлік жүргізушісімен өтпелерден өту тәртібі таныстырылған. Ал тұрғындар осыдан нәтиже шығаруы тиіс.

Қ.Мұқашев, Атырау


Жаңалықтар
18.11.2025
ҚТЖ Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі ұстанымын күшейтуде
Жаңалықтар
18.11.2025
ҚТЖ мен Эстония ынтымақтастықты дамыту мен Орта дәліздің перспективаларын талқылады
Жүк тасымалы
18.11.2025
Астық тасымалы талқыланды
Аймақтар
18.11.2025
Шуда тәулігіне 6 мыңнан астам вагон тексеріледі
Инфрақұрылым
18.11.2025
Қандыағаш станциясында күрделі жөндеу жоспары толық аяқталды
Қауіпсіздік
18.11.2025
Қауіпті аймақта қатер көп
Аймақтар
18.11.2025
Таразда болашақ мамандарға электр және автоматтандырудың маңызы түсіндірілді
Жаңалықтар / Мұрағат
18.11.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №96 18 қараша 2025 жыл
Жаңалықтар
17.11.2025
Болашақ машинистер ҚТЖ мұражайында болды
Аймақтар
17.11.2025
Құқықтық сауаттылық артуда
ҚТЖ келбеті
17.11.2025
Өнерге әркімнің-ақ бар таласы
Аймақтар
17.11.2025
Атырауда Абай мұрасы дәріптелді
Аймақтар
17.11.2025
Бөрітескен бекеті жаңа келбетке ие болды
Жүк тасымалы
17.11.2025
Теміржол көлігімен 38 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жаңалықтар
17.11.2025
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан теміржол жобасын бес жыл ішінде аяқтауды жоспарлап отыр
Жолаушылар тасымалы
17.11.2025
Атырау–Алматы бағыты бойынша енді пойыз күн сайын қатынайды
Спорт
17.11.2025
Астанада ҚТЖ қызметкерлерінің Спартакиадасы өтіп жатыр
Жаңалықтар
15.11.2025
ҚТЖ мен O'ТУ үйлестіруді күшейтеді: жүктемесі жоғары бағыттарда жедел шаралар қабылданды
Жаңалықтар
14.11.2025
Астанада «Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша үздік тәжірибелер» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Инфрақұрылым
14.11.2025
Биыл 1400 шақырым жол жөнделді