Шымкентке қыс келді

Аймақтар
28.11.2019, 23:24
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент – ауқымдылығы жағынан еліміздегі үшінші қала. Мұнда теміржол саласының қарқынды дамып, мегаполиске сай болуы – уақыт талабы. Себебі, халық саны уақыт өткен сайын көбейіп, станциялардың жұмысына артық жүктеме түсуі де заңдылық. Қалаға өткен апта алғашқы қар түсіп, ақ көрпеге оранды.

Бүгінде Шымкент станциясында 180 адам жұмыс істейді. Үш тоқсанның ішінде станцияға жаңадан 11 жұмысшы қабылданып, 13 адам өз еркімен жұмыстан шыққан. Станция жоспар бойынша 54 пойызды қабылдап, жөнелтуі тиіс болса, іс жүзінде 55 пойыз қабылдап жөнелтіп, жоспарды 101,8% асыра орындады. Шымкент станциясынан биыл тоғыз айдың ішінде 1764 вагон ұн тиеліпті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1165 вагонға азайып, 40%-ға төмендеп кеткен. Түрлі сусындардан – 626 вагон, пиломатериалдардан небары 13 вагон жүк артылған. Ал өткен жылы 9 айдың ішінде 58 вагон тиелген екен. Жалпы, станциядан тоғыз айда 2403 вагон жүк артылған.

Станция бастығының міндетін атқарушы Асанбек Қосайбаевтың айтуынша, ұн өнімінің 40%-ға төмендеп кету себебі, астық өнімдері бағасының тұрақсыз, жиі құбылып тұратындығы әсер еткен. Оның үстіне, көршілес Өзбекстанда ұн өңдейтін элеватор салынғалы біздің елден ұнға сұраныс айтарлықтай азайған көрінеді. Сондай-ақ, өңдеу үшін артатын дайын бидайдың жоқтығы, жыл сайын жөндеу жұмыстары мен элеваторлардың санитарлық өңдеуі де кері әсерін тигізбей қоймаған. Ал сусындардың азаюына дайын өнімдерді артатын тапсырыстың болмауы әрі күннің суытуына байланысты тиелетін жүк көлемі азая түссе, пиломатериалдарға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің №564 бұйрығына сәйкес, кейбір орман өнімдерін тасымалдауға алты айға дейін тыйым салыныпты. Осылайша тоғыз айда КТТ-ға қарасты 4128 вагонға жүк тиеліп, статикалық жүктеме 55,76% тоннаны құраған.

Ал биыл станция жұмысшыларын қыстық киіммен қамтамасыз етуден кемшілік жоқ. «Гудок», «Метелица» костюмдерінен 58 дана, «Дождевик, Форест» костюмдерінен – 75 дана, мақта-мата костюмнен 120 дана, 125 дана қолғап, 40 жұп керзі етік, 25 жұп резеңке етік, ерлер бәтеңкесінен 150 жұп, әйелдер бәтеңкесінен 39 жұп, сигналды жилеттер – 240 дана, бейсболка – 100, 65 дана бас киім, т.б. – барлығын қоса алғанда арнайы киіммен қамтамасыз ету 106 % құраған. Сонымен қатар, теміржолшыларға арнап гигиеналық заттар: респиратор, сабын мен жақпа майлар да алынған. Станцияның жүк шаруашылығы қызметкерлері жыл басынан бері ешқандай ақауға жол бермеген және 12 коммерциялық акт түзілген.

– Қазіргі таңда станциядағы санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің барлығы да теміржолшылардың жұмыс жасауына сай етіп жабдықталған. Қысқа толық дайындықпен келдік. Сондықтан алғашқы суық пен алғашқы қарды да еш төтенше жағдайсыз, қалыпты жұмыс ырғағында қарсы алдық. Жыл басынан бері станцияда бөгде адамдарды қағып кету және жол ережесін бұзу фактілері орын алған жоқ. Кірме жолдағы бағдаршамда пойыздардың тоқтап қалуы орын алмады. Станция қызметкерлеріне жоспарлы 18 техникалық дәріс, жоспардан тыс тағы 7 дәріс өткіздік. Онда жұмысшыларға тақырыптық лекциялар өтіп, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау туралы оқу құралын пайдаландық. Дәріс барысында станцияның негізгі мәселелері талқыланып, қозғалыс қауіпсіздігі мен жарақат алудың алдын алу, жүк тасымалдау шаруашылығында жіберілген ақаудың себептері талданады. Жұмысшыларымызға техника, электр қауіпсіздігінің неден туындайтыны туралы роликтер мен слайдтарды көрсетіп, оқыс жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің де қырсырларын үйретеміз, – дейді станция бастығының міндетін уақытша атқарушы Асанбек Дүйсебайұлы.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде