Естер кетпес сапар болғай...

Аймақтар
27.12.2019, 09:21
Оқуға 2 мин

Жақында Қазбек Терлікбаев есімді ардагер локомотившімашинистің «Теміржолдағы ең қиын да күрделі мамандық – машинистке тиесілі» деген сөзін естігенім бар еді. Айтқанындайақ бар екен. Бұл мамандық иелері ауысымына сай қайда жіберілсе, сонда жол бастап кете береді.

Мәселен, Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты локомотив пайдалану депосының машинисі Дулат Құлназаров тұп-тура жаңа жыл түні Тараз қаласынан Шу қаласына жүк пойызын жеткізуі керек. Одан ары қарайғы бағыты әзірге белгісіз. Демалыс үйінде аз-кем тыныққан соң тағы бір пойызды алып кері қайтары хақ.

Жаңа жыл түні жолда жүретін машинистпен кездесіп, аз-кем тілдескеніміз бар еді. Осы салада он төрт жылдан бері тер төгіп жүрген азамат мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отырмағанын айтты. Дулат былтырғы Жаңа жылда да отбасынан қашықта қарсы алып, іссапарда жүрген. «Өткен Жаңа жыл мерекесін солтүстіктегі Ерейментау маңында қарсы алып едік. Көмекшім екеуміз тәтті сусынымызды ортаға алып, бір-бірімізге тілек айтқанбыз. Мәселе думандатып той тойлау емес шығар, мен үшін, мысалы, жаңа жылды жол үстінде қарсы алудың өз қызығы бар. Талай рет үлкен қалаларға, станцияларға отшашумен кіріп, отшашумен шыққан кездер болды. Бір жылы думандатып жүрген жастар пойыздан қалып қойып, келесі станцияға жеткенше әлсін-әлсін аспанға отшашу атып, бізбен жарысып жеңіл көлікпен жүріп отырды. Міне, биылғы жаңажылдық сапар да қызықты әрі көңілді оқиғаларға, романтикаға толы естен кетпес сапар болса екен деп күтемін», – дейді машинист жігіт.

Дулаттың сөзінен аңғарғанымыз, ол теміржол саласында 2005 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оқу бітірген соң бірден Тараз қаласындағы локоматив жөндеу депосына слесарь болып жұмысқа тұрған екен. Сол жерден әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын да өтеп қайтады. Ол жақтан оралғаннан кейін, өз мамандығы бойынша Алматы қаласында жүк тасымалы бағытында жұмысын қайта жалғастырады. Көп ұзамай Жамбылға ауысып, локомотив жөндеу депосына ауысып, тәжірибесін шыңдай түседі.

«2012 жылы локомотив пайдалану депосына машинистің көмекшісі болып ауыстым. Осы қызметті үш жарым жыл атқарған соң, алты айлық арнайы курсқа түсіп, машинист мамандығы бойынша білімімді жетілдіріп, кейін басшылықтың бұйрығымен машинист болдым. Міне, содан бері осы мамандықтың ыстығына төзіп, суығына тоңып келемін. Өзім қалаған, ұнатқан мамандық болған соң, қандай қиындығына болса да шыдап бағып, бұйырған қызығын да көріп жүрмін», – дейді Дулат Нұржанұлы.

Айта кетерлігі, Дулаттың әкесі де теміржолшы болған, қазіргі таңда зейнет дамалысында екен. Анасы да осы саладан алыс емес, желілік билет кассасында қызмет етеді. 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?