Күрделі жөндеуден соң...

Аймақтар
25.10.2016, 16:29
Бірінен соң бірі жаңартылған Атырау жол бөлімшесіне қарасты Жантерек – Мұқыр бекеттеріне сапарымыз сәтті болды. Теміржол бекеттерін санитарлық-техникалық талаптарға сай ету үшін нысандарда 2014-2015 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда аталмыш бекеттердің архитектуралық құндылықтары сақталып, шатыры мен қасбеті жаңартылған. Есік-терезелері де толықтай ауыстырылып, едені мен ғимараттағы электр шамдары, бекет ішіндегі жабдықтары кері жаңартылып, қызметкерлердің қол жуатын, киініп-шешінетін орындары қарастырылған. Қызметкерлер отыратын бөлмелерде және күту залында ауа баптағыш желдеткіштер орнатылып, бұдан басқа, жылу жүйелері мен электр сымдары, перрондағы ескірген жарық желілері де толықтай ауыстырылыпты. Вокзалдың іші-сыртына бейнебақылау камералары қондырылып, екі бекеттегі перрондардың ұзындығы 180 метрге ұзартылып, айналасы темір шарбақпен қоршалыпты. Бүгінде Жантерек бекетінде 4 станция кезекшісі, 4 вагон қараушы, 2 сигнал беру, орталықтандыру және блоктаудың (СОБ) электр механиктері қызмет етеді. Мұқыр бекетінде де 5 станция кезекшісі, 4 сигнал беру, орталықтандыру және блоктаудың (СОБ): 1 аға механигі, 2 механик және 1 қатардағы монтер, 2 вагон қараушы, 2 энергетик, 1 билет кассирі бар. Бекеттердің екеуінде де келе жатқан вагонның ақауын алыстан байқайтын КТСМ-02 құрылғысы қондырылған.  Нысан –күзетшінің бақылауында. Тағы бір айта кететіні – екі станцияда да жұмыс жасайтындар 20 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлер. Сол себепті де болар, өндірістік жарақат алу немесе вагонның құрамнан ажырап қалуы, адам өлімі сынды бақытсыз оқиғалар орын алған емес.  Оған қосымша, станциялар шағын болса да техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселесі бірінші жолға қойылған. Теміржолшылар жазғы және қысқы арнайы киімдермен, сондай-ақ, қорғаныс құралдарымен кестеге сай қамтылып отырады. Сонымен бірге, еңбек қорғау шараларына барлық деңгейдегі басшылардың қатысу нормативтері қарастырылып, цех басшыларының кауіпсіз жұмыс жағдайын ұйымдастыруына, қарауындағы еңбеккерлердің денсаулығы мен өмірі үшін жеке жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылады. Одан бөлек, кәсіби біліктілігін арттыруда оқу кабинетінде ай сайын қызметкерлер үшін техникалық сабақтар жүргізіледі.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл