Қауіпсіздік дәрісі дәлелдеген шындық

Аймақтар
08.09.2020, 11:35
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы кезде неліктен теміржолда тыйым салынған көрсеткіштер жиілеп, апатты жағдайлар орын алуда? Оның себеп-салдары неде, қайтсе оның алдын алып, болдырмауға болады? Жуырда Өзен станциясында өткен техникалық сабақтың мазмұны осылай болды. 

Техникалық дәрісті Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов жүргізді. Оған локомотив бригадалары, пойыз құрастырушылар, станция кезекшілері мен локомотив айналым депосының, Өзен станциясының басшылары қатысты. Бұл Өзен станциясындағы теміржолшылардың карантиннен кейін бас қосқан алғашқы сабағы еді. Бұған дейін мұндай жиындар онлайн форматта өтетін. 

− Осы жылдың сегіз айында еліміз бойынша теміржолда тыйым салынған көрсеткіш бойынша алты жағдай тіркелген. Оның үшеуі апатты жағдай, яғни, жылжымалы құрамдар құлаған, рельстен шығып кеткен. Сондықтан профилактика мақсатында осындай ауқымды шара өткізудеміз. Өйткені сол жайттарды талдасақ, ондағы басты себеп адами фактор болып отыр. Атап айтсақ, келіссөздер жүргізу ережелерін орындамау, локомотив бригадаларының немқұрайлылығы салдарынан, сигналдарға, бұрмаларға қарамау, асығыстықпен басқаға берілген команданы өзіне қабылдап қозғалып кету сияқты олқылықтар орын алған. Мысалы, 27 тамыз күні Сексеуілде болған жағдайды алайық. Станция кезекшісінің машинистке берген жоспарын команда деп қабылдап пойызды жүргізіп кеткен. Біз, міне, осы жағдайларға басты назарды аударып, сондай оқиғалардың бізде де қайталанбауы үшін қажетті мамандармен тиісті жұмыс жүргізудеміз, – дейді Ерлан Бүркітов. 

Дәріс лекторы айтпақшы, сабақ барысында апатты жағдайларды туындататын себептердің бәрі тізіп көрсетілді. Әрбір фактор ерекше ескеріліп, жұмысшылармен сұрақ-жауап, ұсыныс ой түрінде жіліктей отырып зерттелді. Сондай-ақ, осыған байланысты қажетті нұсқаулықтар мен ережелер еске түсіріліп, кім қай уақытта қандай тапсырма беріп, оны қалай жүзеге асыру керек, бәрі белгіленген уақытымен пысықталды.

− Осы тұрғыдан Өзен станциясындағы жұмыс технологиясымен де танысып, жұмыстарын зерделедік. Жалпы, бұл тақырыпта айта берсең қозғайтын нәрсе көп. Бір ғана маневр кезіндегі жылдамдыққа тоқталсақ. Әр жағдайда қолданылатын әртүрлі жылдамдықтар бар, соны сақтамаса болмайды. Радиобайланыспен қалай жұмыс істейміз, машинистерге, пойыз құрастырушыларға қалай сөйлейміз, сабақта соның барлығын қамтуға тырыстық. Жұмысшылар бір-бірлерімен пікір алмасып, сұрақ-жауаппен дәрісіміз ойдағыдай өтті. Қатысушылардың жоғары белсенділігі техникалық сабақтың жақсы өткенін көрсетті, – деген Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары сабаққа ең белсенді қатысқан пойыз құрастырушы Қуатбай Қонжаров пен маневрлік қозғалыс машинисі Серғали Таутұрмашовқа өзінің осы жылы шығарған «Человеческий фактор в безапостности движения поездов» атты практикалық нұсқаулық кітабын сыйға тартты.

Қысқасы, қауіпсіздік дәрісі дәлелдеген шындық – кез келген қауіпсіздіктің бұзылуы оқиғасының астарында адам факторы жатқаны еді. Сондықтан, теміржолшылар үшін «екі шоқып, бір қарау» қағидасы қашан да өзекті болып қала бермек. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады