Қолданыстағы парк жағаруда

Аймақтар
22.10.2020, 17:49
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде локомотив шаруашылығы отандық өндірістен шыққан жаңа машиналармен жаңарып жатыр. Жалпы бөлімше бойынша жолаушылар, жүк, шаруашылық және маневр қозғалысында 124 локомотив болса, оның 57-сі – тепловоз, 67-сі – электровоз. 

Соңғы уақытта электровоз паркі белсенді түрде жаңару үстінде, яғни ВЛ80С локомотив сериясы жаңаруда. Бұл локомотивтер отандық өнім, яғни француз компаниясының лицензиясы бойынша жүк қозғалысындағы KZ8 және KZ4 жолаушылар қозғалысындағы сериясын шығаруда. Ал тепловоз паркіндегі барлық локомотивтер америкалық ТЭ33А сериялы тепловоздарымен жаңартылған. Бұл отандық өнімдер елорда іргесіндегі Индустриялық парктегі зауыттарда жасалып шыққан, теміржол машинажасау саласының жетістіктері болып табылады. Жаңа локомотивтерге «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылған. Бұл жүйенің басты міндеті – дизель жанар-жағармайы мен электроэнергиясын пайдалануды үнемдеу. Сондай-ақ тасымалдау процесінің тиімділігін арттырып, адами факторларды азайтады, мәліметтердің жылдам әрі нақтылығын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, қағазсыз технология арқылы қанша жанар-жағармай мен энергетикалық ресурс шығын болғанын дәлме-дәл есептеуге мүмкіндік береді. 

– Аталған қағазсыз технологияны енгізуде машинистің маршрут жылдамдығы жоғарылайды. Машинистер бұрын локомотивтегі әрбір жұмысын рәсімдеу барысында қағазды қолданатын. Ал қазір қағазсыз технология есеп беруді ашық етіп қойды және локомотив паркін пайдаланудың жылдам есебі қалыптасты. Бұл дегенің басқару шешімін жылдам қабылдау үшін оңтайлы жасалған. Әсіресе маршруттың жылдамдығы мен жүк тасымалын жеткізудің жылдамдығын арттыруға бағытталған, қысқасы, қағазсыз технологияның кереметі деген осы, – дейді Шымкент жүк тасымалы бөлімшесіндегі жылжымалы құрам бөлімінің бастығы Ерғазы Кенжебеков. 

Биыл, сонымен қатар Шымкент локомотив шаруашылығы KZ8 сериялы заманауи электровоздарды автожүргізу жүйесін енгізу арқылы пойыздар қозғалысының белсенділігін арттыруды қолға алыпты. Автожүргізу жүйесі – пойыз қозғалысы кезінде машинистің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. 

Автоматты жиынтығы бар навигациялық аппараттың көмегімен және жүйенің позициясы бойынша пойыздың жүрісіне қарай жол пішіні мен учаскелердің күрделілігіне қарамастан тежегішті қолдануды және синхрондауды қамтамасыз етеді. 

Бұл – пойыз жұмысының бұзылып қалса да адами факторға әсерін айтарлықтай төмендетеді деген сөз. 

«Бұл жүйе автоматты түрде пойыздың есептік жылдамдығын күшейтеді және қозғалысына демеу береді, сонымен қатар уақытша немесе үнемі жылдамдықты шектейтін жерлерде жылдамдықты төмендетуге әсер етеді. Автожүргізу жүйесі машинистің ақпараттық, логикалық және пойызды басқару әрекетіне түсетін салмағын әлдеқайда жеңілдетіп, оңайлата түседі де қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деп түсіндірді Ерғазы Кенжебеков. 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды