Ақау дер кезінде жойылады

Аймақтар
20.11.2020, 08:35
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Белгі беру-байланыс саласы бойынша биылғы жылдың он айында: ШЧ-37 – Шымкент сигнализация және байланыс дистанциясы өндірісте 8 ақауға, ал Арыс дистанциясы – ШЧ-38 14 ақауға жол берген. Магистральдық желі бөлімшесі осындай зақымданулардың алдын алу үшін арнайы іс-шара- лар әзірледі.

Соған сәйкес, ШЧ мамандары ПЧ қызметкерлерімен бірлесіп, рельс тізбектеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Технологиялық толаскездер кезінде СОБ құрылғыларындағы нақты ажыратуды бақылау орталықтандырудан АРМ-ШЧД жүйелері бойынша жүзеге асырылды. Он айда КТСМ құрылғылары мен байланыс цехтарының қызметкерлері іс-шараға сәйкес жұмыстарды түгел орындап шыққан. Атап айтқанда, Шанақ станциясы бойынша аккумуляторлық байланыс тобының стеллаждары ауыстырылды. Монтайтас станциясы бойынша ПТДУ күшейткіштерінің 2 данасы жөнделді. Шанақ станциясында аспалы сым жойылды, ПДБ телефонының П-274 пәтерінің сымы ауыстырылды. 

Дарбаза станциясында 100 метр жарамсыз телефон сымдары ауыстырылды.

Шеңгелді станциясы бойынша ТЗПАП 7х4 кабелі ЭО бекетінен байланыс үйіне дейін жөнделді. Жылға станциясы ПДТУ күшейткішінің 4 данасы, Дарбаза станциясы бойынша 2 данасы жөнделді. 

Монтайтас станциясында БКБ тіреуінің сымдары ауыстырылды. Монтайтас станциясында «Искрател» тұрағының объектісін тестілеу жүргізілді. Монтайтас станциясында ТЗПАП 7х4 кабелі ЭО бекетіне дейін жөнделді. Осыған орай, кабельдің неліктен үзілгеніне тергеу жүргізіліп, келтірілген зиянның орнын толтыру үшін Сарыағаш әкімдігі мен Сарыағаш қалалық ІІБ бастығына хат жолданды. 

Байланыс учаскесінің және кабельді байланыс тобының басшыларына жер қазатын көліктермен құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде ШЧ38 қызметкерлерінің міндетті түрде болуы ескертілді. Себебі, жер қазу кезінде техника байланыстың сымдарын үзіп алып, пойыз қозғалысына нұқсан келтіруі мүмкін. Темір жол маңында заңсыз жер қазу жұмыстары анықталған жағдайда осы жұмыстарды тоқтату бойынша шұғыл шаралар қабылданатыны да ескертілді. Байланыс учаскесінің бастығы Б.Әбдірахман теміржолда және күрделі жөндеу бойынша технологиялық толаскездер кезінде СОБ кабельдерінің және байланыстың сақталуы бойынша бақылауды, мердігер ұйымдардың жұмыстарын қадағалауды күшейткендерін жеткізді. Траншеяларды қазу бойынша жұмыстар кезінде аралас қызметтер мен құрылыс ұйымдары СОБ, байланыс және КТСМ кабельдерін төсеу схемасын қатаң басшылыққа алады. Кабельдік топтың қызметкерлері "METROTECH" 9890ХТ, ГК-210А-2 және ГК-230А аспаптарымен кабельдік трассаны тексерусіз категориялық жұмыстарды жүргізбейді.

Нормалардан ауытқу анықталған жағдайда, осы ескертуді жою бойынша дереу шаралар қабылдайды. 

Бұдан бөлек, он ай ішінде белгі беру және байланыс саласында көп жұмыс атқарылыпты. Айталық, пәтер телефонының ілінуін жою үшін П-274 сымы ауыстырылды. ЭО бекетінен Монтайтас станциясы ШМ-2 шкафына дейін кабель сымдарын оқшаулаудың төмендетілген орны ауыстырылды. 

Жылға станциясында 2 дана, Монтайтас станциясы бойынша 4 дана күшейткіш жөнделді. Радиостанция үшін сөре қорабынан ВКС, ВКО учаскелері бойынша бағанға дейін жұптар дайындалды. 

СПСТ резервтік телефоны орнатылды. ДНЦ байланысы үшін Шеңгелді станциясында №1 ЭЦ постынан 10х2 типті кабель соғылды. Шеңгелді бекетінде ВКО бағана демонтажы жүргізілді. 

Байланыс тіреуінің монтаждау сымы ауыстырылды. Жылға станциясы ВКО тіреуінің ескірген құбыры ауыстырылды. ПДТУ күшейткіштерінің 2 данасына жөндеу жүргізілді. Шағыр станциясындағы сақтандырғыштардың жануына арналған түзеткіш қоңырауы ауыстырылды. Арыс-Дарбаза учаскелері бойынша телефон аппараттары сымдарының ілінуі жойылды. 

Шеңгелді-Жылға учаскелері бойынша төмендетілген магистралды желі кабелін өлшеу жүргізілді. БКБ тіреуінің ескі жарамсыз сымдары ауыстырылды. 

Арыс-1 станциясында МРЦ-1 бекетінің ШР-2 дейінгі кабель сымдарының оқшаулағышының төмендеуі жойылды. 

Жылға станциясында П-274 пәтерлік телефон сымдары ауыстырылды. 2 дана ПДТУ күшейткіштеріне жөндеу жүргізілді. 

Қысқасы, кез келген ақау, зақымдану дер кезінде жойылып отырады. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады