Қауіпсіздікті өзіңнен баста

Аймақтар
28.12.2020, 17:01
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылардың техникалық қауіпсіздігін арттыру және еңбегін қорғау бағытында Қызылорда жол дистанциясында бірнеше кешенді шаралар қолға алынып, жыл бойы жүзеге асырылды. Атап айтқанда, биылғы жылы дистанциялықтардың тұрмыстық әлеуетін арттыру және еңбек қорғау шараларына 17 452,0 мың теңге қаржы жұмсалған.

Дистанцияның техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері Майра Бадрақова ұсынған мәліметтерге сәйкес жолшылар жыл бойы қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған құралжабдықтармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Барлығы 21 түрлі қорғаныс заттарына тапсырыс беріліп, алынған заттар жолшыларға үлестіріліп берілген. 

– Дистанциялықтардың еңбегі қажетті деңгейде қорғалып, техникалық қауіпсіздіктің сақталуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Қысы-жазы кезекте маусымдық киімдер беріліп, жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті сақтау назардан тыс қалған емес. Жұмыс орындары арнайы комиссия құрамымен аттестациядан өткізіліп, кем-кетік түзетіліп, барлық қолайлы жағдай жасалуы назарға алынған. Сонымен қатар биылғы жылы тапсырыс берілген маусымдық киімдерден 538 жиынтық мақта-мата костюмі, 538 жұп ботинка, 100 дана қыстық костюм, 100 жұп пима, 5000 жұп қолғап, 150 жұп жылы етік, плащ 150 дана, 200 дана қорғаныс көзілдірігі, 80 дана каска, 200 жылы қолғап, 400 дана жаздық бас киім, 250 дана трикотажды бас киім, 200 дана құлақшын, 3 дана дәнекерлеуші костюмі, 5 дана әйелдер аяқ киімі мен 600 дана жилет алынып, олардың бәрі түгел үлестіріліп, жұмысшылар жүз пайыз қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етілді, – дейді техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау инженері. 

Жол дистанциясына қарасты телімдерде қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету үшін жолшылар теміржолға жақын ораналасқан елді мекен тұрғындарымен, оқушылармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Дистанциялықтар бұл жұмысты кәсіподақ ұйымымен тығыз қарымқатынаста жүргізіп, арнайы рейдтер ұйымдастырады, тосын тексеру, бақылау шараларын өткізеді екен.

– Жалпы, біздің дистанцияда «қауіпсіздікті өзіңнен баста» деген ұстаным қалыптасқан, яғни жолшылар алдымен өздері ереже бұзбай, жұртқа үлгі көрсетіп жүруітиіс. Биылғы жыл басынан бері теміржол бойындағы елді мекен тұрғындарымен 255 рет жиналыс өтіп, оған 9105 адам қатыстырылған. Әрбір жиында теміржолдың қауіпті аймақ екендігі, оған жақындаған кезде аса абай болу қажеттігі, оны тек қана арнайы рұқсат етілген жерлерден кесіп өту керектігі түсіндіріліп, түрлі мысалдармен жеткізуге тырысамыз. Эпидемиялық ахуал қалыптаспай тұрып, сонау жыл басында оқу орындары мен мектептерді аралап, 5273 оқушыға теміржолдың қауіпті аймақ екені түсіндірілді, ЖІІб өкілдері мен ӘТЖ күзеті сарбаздарымен бірігіп телім бойында 142 рет рейд өткіздік. Жаз айларында телімдердегі 32 ескерту белгілері жаңартылды, – дейді Майра Бадрақова.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады