Арыс станциясында қауіпсіздік пен еңбек ережесі басты орында

Аймақтар
18.06.2021, 11:47
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Тоғыз жолдың торабындағы Арыс станциясының теміржолшылары коронавирус індетінің таралу қаупінің алдын алып, карантин шектеулерін қатаң ұстанып еңбек етуде. Әрине, станцияда қауіпсіздік пен еңбек ережесі басты орында. Станцияның бас инженері Мейірбек Мырзахметовтің айтуынша, өткен жылы барлық көрсеткіштер орындалған. Ал жыл басынан бері бес ай бойынша да көрсеткіштер көңілден шығады. Жоспардағы 6 100 вагон айналымы 6 124 вагонға орындалған. Дөңестен сұрыпталып тарқатылған вагондар саны да жоспар бойынша – 2840, орындалғаны – 2923, яғни 102,9 пайызды құраған. Пойыздарды кабылдау – 63, орындалғаны – 64, 101,6 пайыз, пойыздарды жөнелту жоспарда – 63, орындалғаны – 65, 103,2 пайызды құрады. «Арыс – ірі станция. Мұнда жолаушылар мен жүк пойыздары күндіз-түні ағылып жатады, тәуліктің кез келген сағаты мен минуты қайнаған қызу еңбек. Станцияда құрамдарды іріктеп, вагондарды ағытып, сұрыптау үлкен жұмыс пен күшті талап етеді. Бұл – қаншама теміржолшылардың күні-түнгі қажырлы еңбегі», – дейді бас инженер М.Мырзахметов. Арыс станциясын ұзақ жылдардан бері тәжірибелі теміржолшы Бөгенбай Тоқсейітов басқарып келеді. Станция бастығының орынбасары Эдуард Дербисов, Құрманғазы Нарымбетов сынды азаматтар – көп жылдар осы жұмысы аса қауырт станцияның «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген нағыз майталмандар. Бұл үштік күн сайын түнгі ауысымда кезекпен тексеріске шығады. Жұмыс алаңын аралап, қауіпсіздік талаптарының сақталуын көзбен көріп, аяқ асты туындаған түрлі ситуациялық жағдайларды реттеп, таңға дейін жүретін кездері көп. Міне, бүгін де түнгі кезекшілікке шыққан Бөгенбай Тоқсейітов диспетчердің жанында отырып, дөңес кезекшісі, вагон жылдамдығын реттеуші, пойыз құрастырушы, парк кезекшісі, тасымал құжаттарын өңдеуші оператор, пойыз қабылдаушы, т.б. қозғалыс процесіне қатысып жатқандардың жұмысын бақылап отырғанына бір сағаттан асты. Жұмыс қалыпты ырғағымен жалғасып жатыр, пойыздар ақаусыз қабылданып, дөңестен тарқатылуда және қайта өңделіп, станциядан өз бағыттарына жөнелтілуде. 313 теміржолшы еңбек ететін станцияда өз ісінің майталмандары аз емес. Олардың қатарында бірнеше он жылдарын осы станцияға арнаған тәжірибелі теміржолшылар – станция диспетчері Үсен Оразымбетов, станция кезекшілері – Талғат Қалымбетов, Айдархан Құлымбетов, Талғат Садықов, Мұрат Анықбаев, дөңес кезекшілері Еркін Бекмұрзаев, Сәкен Сейсенбаев, дөңес операторлары Д.Алтаев, К.Умирбаев, З.Жартыбаева, пой- ыз құрастырушылар – Төрехан Тоқсейітов, Бауыржан Есенов, Есбол Омарханов, вагон жылдамдығын реттеушілер – Ержан Байырбеков, Марат Бекмұрзаев, Нұрлан Тұрымбетов, пойыз қабылдаушы – Талғат Төреханов, пойыз құрастырушының көмекшілері – С.Базарбаев, Е.Абдихан, тасымалдау құжаттарын өңдеуші операторлар – Гүлнар Құдайқұлова, Ақмарал Бапаева, Нұржамал Лашынбекова, Светлана Рыбалкина, Нұрсұлу Базарбаева секілді мамандар бар.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады