Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде үш бағытқа назар аударылды

Аймақтар
22.06.2021, 11:06
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі жыл басынан бері қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шығындар бюджетін орындау, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасын және еңбек қорғау шарттары мен тәртібін сақтау бойынша оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Атап айтқанда, жүк айналымы өткен жылмен салыстырғанда 100,8%-ға орындалған. Телімдік орташа жылдамдық 100,7%-ға орындалған, жоспар бойынша 43,63 км/сағ болса, нақтысы 43,93 км/сағ құрады. Ал өткен жылмен салыстырғанда 99%-ға орындалған. Техникалық орташа жылдамдық жоспар бойынша 47,55 км/сағ болса, іс жүзінде 47,89 км/сағ немесе 100,7%-ға орындалды, ал өткен жылғы есеп беру мерзімімен салыстырғанда 101,2%- ға орындалған. Локомотивтiң орта тәуліктегі өнімділігі жоспар бойынша 1 млн 179 мың ткм брутто болса, іс жүзінде 1 млн 243 мың ткм брутто немесе 105,5%-ға орындалған, ал өткен жылмен салыстырғанда 105,9%-ға орындалған. Тиелген вагонның статикалық жүктемесі жоспар бойынша 57,68 тонна болса, іс жүзінде 58,16т құрап, 100,8%-ға орындалды. Бұдан бөлек, Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінде ағымдағы мәселелер де ретімен шешімін табуда. Мәселен, 2020-2021 жылдарға арналған «Нөлдік жарақаттану» стра- тегиясының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі Жол картасының іс-шараларын бақылауды және орындауды қамтамасыз етті. Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Ильяс Нұржановтың айтуынша, «Vision Zero» немесе «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы бойынша іс-шараларды орындау бойынша жұмыстар кеңінен жүргізілген. – Мұнда өндірістің барлық деңгейлерінде 7 «Алтын ережені» қамтитын қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қызметкерлердің әл-ауқатына, яғни үш бағытқа ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың бұзылуын бақылау және жою үшін барлық басшылар мен мамандарға «Қауіпсіз мінез-құлық диалогын» жүргізу бойынша мобильді қосымша орнатыл- ды. 2021 жылдың басынан бастап Өндірістік қауіпсіздікті басқару бойынша автоматтандырылған жүйенің мобильді қосымшасының модулі, Қауіпсіз мінез-құлық диалогы енгізілді. «KTZHSE ИС ПБ» мобильді қосымшасы бой- ынша 320 ішкі бақылау және ПДБ бойынша 155 тексеру жүргізілді. Бұл әрине ішкі корпоративтік сенімді ұлғайта түсті, – деді бас инженер И.Нұржанов.

Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады