Маңғыстау теміржолшылары бақылауды реттейтін арнайы бөлім ашылуын сұрайды

Аймақтар
18.08.2021, 09:25
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылы Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі Ақтөбеге қосалқы бөлімше ретінде қосылып, кейбір функциялары өзгергені белгілі. Диспетчерлер Ақтөбеге ауысып, оның жұмыстары орталықтан басқарылатын болды. Маңғыстау қосалқы бөлімшесі бастығының айтуынша, нәтижесінде жергілікті филиал кейбір мүмкін- діктерден айырылып, адымын тұсап отырған жайы бар. Әрине, бес бірдей бөлімшенің қозғалыс қызметін біріктіретін Ақтөбеде құрылған диспетчерлік орталықтың тиімділігі талассыз, үнем мен оңтайландыруда пайдасы шаш-етектен екенін жобаны жүзеге асырушылар дәлелдеп отыр. Дегенмен, «медальдің екі жағы бар» демекші, бұл жоба жергілікті бөлімшелерге кейбір функцияларды өз деңгейінде атқаруға мүмкіндік бермей отырғанын да айтуға тиспіз. – Бұрын дербес бөлімше кезінде жедел-өкімдік тарату бөлімі болатын. Пойыздар қозғалысын, яғни олардың учаскелерде жүрісін, тепловоздармен қамтамасыз етілуін, вагондар және жергілікті жүктердің айналымын, жүк түскеннен кейін вагонның кері кетуі, ай сайын берілетін техжоспармен тиелетін жүктерге бос вагондардың келуі, т.б. қадағалайтын пойыз диспетчерлері еді. Олар Ақтөбеге ауысқалы станциядағы жергілікті жүктердің айналымы, олардың уақытында берілуі, жөнелтілуі, бос вагондардың жүк тиеуге берілу уақыттары сияқты кейбір жұмыстарды қадағалайтын бөлім болмай қалды. АСУ-ды ЛОИС-ке қосты, тепловоз шаруашылығы бөлімін қысқартып, диспетчерлер кетті. Бізде тек жүк коммерциялық жұмыстар қалды. Осы жұмыстарды қадағалау ғана қалғандықтан қазір жергілікті станциялардағы жұмысты, сонымен қатар порттар, терминалдармен тікелей қарым-қатынасты бақылауға ала алмай қалдық. Соған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жүк тасымалы басшыларымен болған селекторлық жиында жағдайды түсіндіріп, ұсыныс бердік. Диспетчер болмаса да соның кейбір жұмыстарын уақытында қадағалау үшін арнайы бір бөлім ашылуын сұрап хат жаздық, – дейді бұл туралы Маңғыстау қосалқы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашов. Нәжімеден Бақтығалиұлының сөзіне сүйенсек, жоғарыда аталғандай, өңір теміржолындағы қозғалысты бақылай алмағандықтан теміржолда қандай да бір апатты жағдай немесе оқиғалар бола қалса, дер кезінде құқық қорғау органдарына ақпар беру үшін де қол қысқалық етеді.

«Егер ұсыныс мақұлданса, өңірдегі пойыздар қозғалысын бақылап отыруға мүмкіндік туар еді. Болған жағдайды бүгінде біз құқық қорғау органдарына бере алмаймыз, себебі оның қайда болып жатқанын көрмейміз. Көріп отырған учаскелік пойыз диспетчерлері Ақтөбеде. Диспетчерлік қызмет Маңғыстаудан көшірілгенде түбектен осы міндеттерді атқаратын 52 адам қысқартылып, оның 17-сі Ақтөбеге кетсе, 7 адам басқа жұмысқа орналастырылды. Олардың бәрі тәжірибелі диспетчерлер», – деген қосалқы бөлімше директоры ұсыныс оң шешімін табар деген сенімде.
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады