Атыраулық теміржолшылар Батыста кең тараған дәстүр - Көрісу күнін атап өтті

Әлеумет
15.03.2022, 10:37
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Көрісу – Батыс өңірде кең таралған дәстүр. 14 наурызда жаңа ай туды, көктем келді деп есепетелінеді. Халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Биыл осындай мереке Атырау өлкесінде кеңірек атап өтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Демалыстан шыққан адамдар жұмыс аптасының алғашқы күнін көрісуден бастады. "Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырып еді. Ол 14 наурыздағы Көрісу күнінен бастау алады. Еліміздің Батыс өңірінде бұрыннан бар бұл дәстүр әлі күнге жалғасып келеді.  Атырау жүк тасымалы және магичстральды желі бөлімшесі кәсіподақ комитетімен бірлесе көрісу салтын ұйымдастырды.

Жұмыс аптасы басталар шақтағы таңғы 8-де дастархан жайылып, қымыз бен шұбат, бадана бауырсақ, сүзбе мен жент, т.б. тәттілер қойылды. Ұлттық киім киген қыз-жігіттер келушілерге дәм ұсынып, қызмет етті. Қызметкерлер, жан-жақтан желіден келген жұмысшылар бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре болысты. Үлкендер жағы «Көрісу салты құтты болсын, жыл басымен», «Бакытты болыңдар!», «Өркенің өссін», «Жылдан жылға аман жетейік!» деп баталарын берді.

Желі бойындағы теміржолшылар да бұл мерекеден қалыс қалған емес. Аққыстау, Дина Нұрпейсова, Атырау, т.б. станциясының теміржолшылары жұмыста бәрі бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып көрісіп, мәре-сәре болысты. Жастар ән салып, терме айтып халықтың көңілін көтерді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады