Астаналық пойыз құрастырушылар сайысқа түсті

Әлеумет
25.03.2022, 09:40
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Наурыз мейрамы қарсаңында Нұр-Сұлтан станциясында «Станцияның ең үздік пойыз құрастырушысы» сайысы өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол және Қырқыншы станцияларынан 9 пойыз құрастырушы қатысып, кәсіби біліктерін сынға салды.

Әр станцияның үш пойыз құрастырушысынан құралған 3 топ алдымен өздерін таныстырып, одан әрі билет суырып, сондағы сұрақтарға жауап берді. Әр топтың таныстырылымы өзінше ерек болды. Білімі мен біліктілігі сарапқа салынған билет сұрақтарына да мүдірмеді. Екінші шарт бойынша берілген тапсырмаларды шешу, үшінші – логикалық сұрақтар жауабын беру және соңғысы – жылдамдыққа байланысты тапсырмаларды орындау сияқты сынақтардан өтті. Сайыстың әр кезеңі бойынша 1-5 аралығында балл қойылып отырды. Сайыскерлерге Нұр-Сұлтан станциясының кадр жөніндегі менеджері Рахия Мырзалиева, желілік ревизор Жанат Исаков және қауіпсіздік ревизоры Қайрат Бурлинов қазылық етті.

– Елорда бойынша бізде 40 шақты пойыз құрастырушы бар. Солардың арасынан бүгінгі жарысқа тоғыз адам қатысуда. Дәстүрлі байқау жыл сайын мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырады. Бұл сайыс «Тежегіш табанына ерекше бақылау» айлығының қорытындысы ретінде өткізілді. Пойыз құрастырушылардың біліміне көңіліміз толды, ережелер мен нұсқаулықтарды, жалпы жұмысын жақсы білетінін дәлелдеді, – дейді Рахия Мырзалиева.

Қатысушыларға «Жолаушылар және пошта-жүк пойыздарына қандай вагондар қоюға тыйым салынады?», «Маневрлік жұмыстар қандай жылдамдықпен жүргізіледі?», «Маневрлік құрам дегеніміз не?», «Маневрлік жұмыстарды басқарушы маневр жұмыстары басталмас бұрын не істеуге міндетті?», «Белгі беру құралдары не үшін керек?» және т.б. кәсібіне байланысты сұрақтар қойылды.

Сайыс қорытындысында командалар бойынша 165 балл жинап, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясының пойыз құрастырушылары бірінші орын алса, 161 балмен Нұр-Сұлтан станциясының пойыз құрастырушылары екінші орын алды. Ал соңғы орын алған Қырқыншы станциясының пойыз құрастырушылары 145 балл жинады. Ал жеке қатысушылар арасында 3-орынды Қырқыншы станциясының пойыз құрастырушысы Қанат Қарпаев, 2-орынды Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станциясының пойыз құрастырушысы Дәулетбек Базарбаев алса, Нұр-Сұлтан станциясынан қатысқан Нұрболат Әуесханов жүлделі бірінші орынды иемденді.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды