Атырауда соңғы 2 жылда тойланбай қалған наурыз мейрамы сән-салтанатымен өтті

Әлеумет
25.03.2022, 08:22
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлыстың ұлы күні Атырау локомотив пайдалану депосында мереке құрметіне спорттық ойындар ойналып, жеңімпаздар сыйлыққа кенелді.

Ұлттық киім киген теміржолшылар спорттық сайыстарды тамашалады. Жастар алтыбақан тепті. Ұлттық тағамдар – наурыз көже, бауырсақ, қуырдақ, құрт, ірімшік, қазы-қарта секілді тағамдардан дәм татып, әр бригада машинистері бір-бірімен көрісіп, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын», «Жылдан аман, айдан есен», «Жаңа жыл құтты болсын» айтысып, мәре-сәре болысты.

«Наурыз мерекесі – халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі, күн мен түн теңескен ұлыстың ұлы күнін тойлау, оны жаңа жыл деп дәріптеу үлгісі. «Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу» деген нақ осы кез. Бұл тойды алғаш тойлағандардың бірі де осы сіз бен біз, теміржолшылар ұжымы еді. Ендеше, тағы да халқымыздың ұлан-асыр жаңа жыл тойы құтты болсын» деп тілек білдірді депоның кәсіподақ жетекшісі Боранбай Хамиев.

Спорттық сайыс барысында арқан тартудан 1-орынды депо құрама командасы, ал 2-орынды локомотившілердің 3-бригадасы жеңіп алды. Кір тасын көтеруден 1-ші орынды Қайырлиев Райымбек, армрестлингтен Өтегенов Нұрлыбек жеңіп алды. Жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етіліп, ардагерлер мен қадірменді қонақтармен қатар үздік ұлттық киім үлгілері де сый-сияпатсыз қалмады.

«Наурыз мерекесі соңғы екі жылда пандемияға байланысты тойланбай қалған еді. Биыл қауіп-қатер төмендеп, босаңдық берілгесін ұжым болып атап өтуді қолға алдық. Халық та көптен бері салтанатты шараны сағынып жүрген еді, жаппай қатысып, тамаша той болды. Еліміздің бірлігі артып, наурыздан наурызға аман жете берейік», – деді депо басшысы Қуаныш Таутанов.
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады