Семейлік ардагер соғыста да, бейбіт өмірде де байланысшы болған

Әлеумет
06.05.2022, 14:27
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Кешегі сұм соғыстың арамызда жүрген көзі тірі куәгері, семейлік қарт майдангер Дмитрий Литвиненко – Семей темір жолына еңбегі сіңген қарт теміржолшы.

Бүгінде жасы жүзге аяқ басса да әлі тың, әңгімені де жақсы айтатын, қазақ тілінде де мақалдап, майын тамызып сөйлейтін қарияны биыл да Жеңіс күнімен құттықтауға асықтық. Семейдің орталығында, қызының қолында тұратын Дмитрий Лазаревич күн ұзаққа үйде жалғыз болғандықтан ба, қонақ келсе балаша қуанады екен. Есікті өзі ашып, құрметпен қарсы алу – жылдағы қалыптасқан дағдысы. Бұл жолы да солай болды. 

Өңіріне Қазақстан туы түстес көгілдір жеңіс лентасын таққан қарттың денсаулығы мығым екен. Жеңістің 77 жылдығымен құттықтай келген жандармен әңгіме-дүкен құрып, жадырай сөйлесті. Соғыс даласында түскен жастық шағындағы фотосуреттерін көрсетіп, сол бір сұрапыл жылдарды, ұрыс даласында бақилық болған қимас қаруластарын еске алды. 

Сондай-ақ, теміржол саласында тер төккен жылдарын, әріптестерін де еске алды. Дмитрий Лазаревич 1944 жылдың аяғына таман 17 жасында соғысқа аттаныпты. Ең алдымен Ташкент қаласында қысқа мерзімдік әскери даярлықтан өтіп, өртке оранған майдан даласына әскери эшелонмен жетеді. Сөйтіп, жаяу әскерлер сапында батыс Еуропаны, Украина мен Польша жерін гитлершіл басқыншылардан тазартуға қатысады.

 – Сұм соғыстың соңына таман барсам да, нағыз қан-қасаптың ортасына түстім. Барынша жанталасқан фашистер қатты қарсылық көрсетті. Мен оқ пен оттың ортасында байланысшы болдым. Бұл өте жауапты жұмыс еді. Ұрыс уақытында штабпен байланысты жоғалтудың өтемі өте ауыр. Шығыс Еуропа елдерін жаудан азат ете жүріп, осы қызметтің қыр-сырына әбден қанықтым. Сөйтіп, бейбіт өмірге оралған соң байланысшы болуға шешім қабылдадым. Осылай, сол заманда қатаң тәртіпке негізделген, әскерилендірілген сала теміржолға қызметке келдім. Майдан даласындағы қалыптасқан кәсіби дағдым зейнеткерлікке шыққанға дейін өзгерген жоқ, – дейді бұл орайда қарт майдангер өз өмір жолы жайында сыр шертіп. 

Бүгінде Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша қалған жалғыз көзі тірі майдангер Дмитрий Лазаревич ұзақ жылдар бойы ШЧ-29 мекемесінде, байланыс саласында абыройлы еңбек етті. 

Биыл екі соғыс ардагері арамыздан кетті. Теміржол саласына ғұмырының 44 жылын арнаған Әнуарбек Әбділдаұлы жуырда 90 жастан асқан шағында дүниеден өтсе, Балтық теңізінің қаһарман теңізшісі атанған Кәмкетай Байыров 96 жасқа қараған шағында бақилық болды...

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады