Ардагерлерден тараған ұрпақ теміржолды атакәсіпке айналдырды

Әлеумет
06.05.2022, 15:02
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар әулеті Алхабековтерді Маңғыстаудан ғана емес, Алматы және Қызылорда темір жолынан да кездестіруге болады. Әулеттің негізін қалаған Ұлы Отан соғысынан келген ағайынды жігіттер екен. Олардан тараған ұрпақ бүгінде қазақ темір жолының өн бойында ата кәсібін жалғастыруда.

Солардың бірі – тәуелсіздікпен түйдей құрдас маңғыстаулық машинист Нұрсұлтан Алхабеков кешегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, батыр аталарының есімін мақтан тұтады.  

– Біздің теміржолшылар әулетінің негізін Алхабек бабамыздың екі ұлы Қашымбай мен Қаржаубай атам қалаған, екеуі де соғысқа қатысқан. Бірі депода слесарь, екіншісі бағыттаушы болып соғыстан кейін ұзақ жыл еңбек еткен. Қаржаубай атамыз 1941-1942 жылдары соғысқан, сосын аяғынан ауыр жараланып, елге қайтуға мәжбүр болады. Келгесін теміржолға жұмысқа кіреді. Қашымбай атамыз болса 1941-1946 жылдары соғыста болып, сосын қираған қалаларды қалпына келтірген. Елге оралғасын ол да теміржолшы болды. Екеуі де кеудесі наградаға толы батыр болған. Содан бері Алхабековтер әулетінен 15 шақты теміржолшы шығыппыз. Біз өз әулетімізді мақтан тұтамыз және сол батыр аталарымыздың атына кір келтірмей, олардың ісін абыроймен жалғастыруды өзімізге парыз санаймыз, – дейді маңғыстаулық машинист Нұрсұлтан Алхабеков. 

Нұрсұлтан бүгінде Сай-Өтес станциясы мен Өзен аралығына қатынайтын машинист. Әкесі Марат Алхабеков болса Маңғыстау локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары.

Алхабеков Қаржаубай

Айтса айтқандай, Алхабековтар әулетінен кілең сайдың тасындай теміржолшы жігіттер шыққан екен. Жоғарыдағы ағайынды қос теміржолшыдан тараған ұрпақтан Ұлықпан Алхабеков станция бастығының орынбасары қызметінен зейнетке шығады. Темірхан Алхабеков желілік полицияда жұмыс істеген. Асанхан Алхабеков машинист, Үсенхан Алхабеков Алматы-Мәскеу пойызында жолсерік болды. Бүгінде бақилық болған Серік Алхабеков слесарь, немере буыннан – Аманқос Алхабеков Қазалыда тепловоз маманы, ТҚКП бастығы болды. Руслан Алхабеков Байқоңырда машинист көмекшісі. Тлектес Алхабеков Қазалы тепловоз жөндеу зауытында, Маңғыстау локомотив пайдалану депосында, бүгінде Алматы локомотив депосында еңбек етуде. Нұрлан Алхабеков Қазалыда машинист көмекшісі, Жасұлан Алхабеков Алматы локомотив депосында машинист. Осылай жалғаса береді...

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі