Құрметті теміржолшы 90 жасқа толды

Әлеумет
22.11.2022, 10:46
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Шу электрмен жабдықтау дистанциясын отыз жылға жуық басқарған Құрметті теміржолшы Анатолий Югай 90 жасқа толды.

1960-1965 жылдар аралығында Томск қаласындағы электромеханикалық инженерлік теміржол институтын тәмәмдаған жас маман Анатолий Югай жолдама бойынша Жамбыл теміржол бөлімшесіне жұмысқа орналасқан.  

Ол 1977 жылы Шу электрмен жабдықтау дистанциясының басшысы болып тағайындалған. Білікті басшы Шу-Мойынты теміржолын электрлендіру жұмысына атсалысып, жоғары жетістіктері үшін «Құрметті теміржолшы» атағын алған. Саналы ғұмырын Шу теміржолының өсіп-өркендеуіне, дамуына арнаған майталман теміржолшы 28 жыл бір орында қызмет атқарыпты. 1993 жылдан бері зейнет демалысында. Торқалы тоқсан жасқа келген қарт теміржолшыны ҚТЖ Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Асқар Сәрсенбеков пен Шу торабы ардагерлер кеңесінің төрағасы Халық Тұрсынбай арнайы құттықтап келіп, иығына шапан жапты.  

Сондай-ақ, Шу электрмен жабдықтау дистанциясының басшылығы мен ұжымы Сатқұл Қасымовты «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен марапаттады. Ал үстіміздегі жылы зейнет демалысына шыққан Асылбек Ахметов пен Шорабек Қожакеримовті құрметтеп, шапан кигізді.  

«Темір жол саласы – ауданның дамуының негізгі өндірістік көзі. Елімізде халық шаруашылығы жүгінің 70 пайыздан астамы болат жолмен тасымалданады. Бүгінде Шу ауданының экономикасына теміржол мекемелері мен оның жұмысшылары сүбелі үлес қосуда. Солардың қатарындағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі филиалының Шу электрмен жабдықтау дистанциясының да үлесі айтарлықтай. Бұл атаулы мекемеде 251 жұмысшы жауапты жұмыс атқарып, олар Шу-Қайраткөл және Шу-Отар аралығындағы 360 шақырым болат жолдарын электр жүйелерімен қамтамасыз етуде», – дейді Шу электрмен жабдықтау дистанциясының басшысы Ерлан Әбілезов.  

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды